file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бағдарламалау | Турбо-Паскальдағы графикамен жұмыс

Кіріспе
Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылатын төртбұрышты аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режімдерде жұмыс атқара алады. Графикалық режімде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады. Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған болатын, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар. Экранға мәлімет шығаруды аппараттық жағынан сүйемелдеу екі модуль – бейнеадаптер және бейнемонитор арқылы қамтамасыз етіледі. Бейнемонитор- немесе дисплей- мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйық кристалды тақтадан тұрады. Дисплей теледидар сияқты жұмыс істеп, экрандағы бейне секунд сайын 25 рет жаңаланып отырады. Адамның көзі бейнелердің мұндай жиілікпен ауысуын байқай алмайды да, мониторда сол бейне қозғалмай тұрғандай болып көрінеді. Экрандағы бейнелер кішкене нүктелерден (пиксельдерден) тұратын қатарларға біріктірілген. Сондықтан экранның басқарылатын ең кіші элементі пиксель (pixel) болып табылады. Экрандағы кез келген бейне осы пиксельдер арқылы салынады. Графикалық режімде экран тіктөртбұрышты пиксельдер жиынынан құралады да, мұнда оның кез келген пикселінің түсін әр түрлі етуге мүмкіндік бар.....
Курстық жұмыстар
Толық