Салық кодексі | Мүлік салығы.

Кіріспе
Салықтар қоғамдық қатынастары біртіндеп дамып келе жатқан адамзат өркениетінің бастапқа кезеңдерінде пайда болған болатын. Кезінде Інжілдегі Ізгі хабарын жазғанда Лука Исаның (христостың) тууы туралы өзінің баяндауын «Сол күндері кесарь (патша) Август жер жүзінің барлық тұрғындары салық төлеу үшін тізімге тіркелсін деген бұйрық берді» деп бастаған еді. Осы оқиға салықтар мен алымдарға байланысты санақ есебін алу және тізімге тіркеу ісінің бастамасы болды, сондай-ақ халық санағы мен жерлерді есепке алу жөніндегі аталмыш өктем іс қимылдар Сирияны Квирини басқарып тұрған кезде, астарлы мағынада жүргізілген болатын. Тізімге тіркеу (қазіргі кездегі салықтық тіркеу есебіне алу) барысында, бірінші кезекте римге бағынышты барлық провинциялардың жерлерін кадастрлеуге және бағалауға қол жеткізілсе, екінші кезекте тұрғылықты халықтар нақты салық төлеушілер ретінде есепке алынды. Міне, осындай жәйіттер Иса Құтқарушы (Машиах) дүниеге келген кезден бастап салықтардың императорлар (падишахтар) қазынасы мен мемлекет пайдасына халықтан мәжбүрлеп ақша алудың танымал әрі таптырмас құралына айналғанын дәлелдейді.
Бесінші ғасырлардың ортасына таман салықтарды алудың жаңа түрлері ойластырылған. Мысалы: базарлардағы сауда-сатыққа салынатын салықтар, шетелдік азаматтардан алынатын салықтар, кеденлік баждар алынған.....
Курстық жұмыстар
Толық