Физиология | Жүйке тамырлары

Кіріспе
Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан – нейрондардан және жүйкелік глеядан - нейроглядадан тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дәнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш және нәрлік қызмет атқарады.
Жүйке торшалары жүйке жүйесінің құрылымдық және әрекеттік негізі болып табылады. Нейронның ядролы денесі және одан жан-жаққа тарайтын бір ұзын, көптеген қысқа өсінділер болады. Қысқа өсінділер – дендриттер, ал ұзын өсінді – нейрит немесе аксон деп аталады. Дендриттер сырттан келетін тітіркендіргіштерді қабылдап, нейрон денесіне өткізеді, ал нейриттер нейрон денесінде пайда болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттері ұшына, немесе атқарушы мүшеге жеткізеді. Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйке тамырларына айналады.....
Курстық жұмыстар
Толық