Психология | Ес жөнінде жалпы түсінік

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталуы, сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс екендігі, ес балаға өте қажет жан құбылысы екендігі, оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Баладағы ес процестері және есте сақтау заңдылықтарын анықтауда жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін екендігі, есте қалдырудың ұзақ немесе қысқа болуы неліктен болатыны, ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкіндігі, естің адам танымына ықпалы қандай болу керектігі, өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашуы: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілеуі, ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолдануы, бала есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г:Э: Мюллер еңбектерінде жария етілуі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық