Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру әдістерінің көрсеткіштерін талдау

Кіріспе
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез- келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің мауысымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арасында қамтамасыз етіледі. Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық