Биология | Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы

Кіріспе
Биологиядан сыныптан тыс жұмыс сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылып, негізінен тек биологияға қызығушылық танытатын оқушыларды ғана қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқу бағдармасы шеңберімен шектелмей, одан кең көлемді қамтып, көбінесе биология пәні ұстазының әсерімен болатын оқушылардың қызығушылығымен анықталады.
Биология адамның рухани әлемін қалыптастыруға және байытуға ықпал ететін пән ретінде аса маңызды. Табиғатқа, туған жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік аяқ астынан пайда болмайды. Ол отбасынан, мектептен тәрбиеленеді. Көпшілік жағдайда дүниетанымның қалыптасуы, әлемді ғылыми тұрғыда түсіну биологиялық біліммен тығыз байланысты. Экологиялық проблемаларды шешу жалпы биологиялық негізден басталатын экологиялық мәдениеттің алғы шарты – экологиялық сауаттылықсыз мүмкін емес. ЮНЕСКО деректері бойынша, қазіргі таңда қоғам өмірінде биологияның аса зор рөлінде қарамастан, жұртшылықтың биологиялық сауаттылығының төмендеуі байқалады, олардың биологиялық білім негіздерінен хабарлар емес екендігі көрінеді. Дегенмен көпшілік мемлекеттер биологиялық білімге қатты көңіл бөліп отыр. Мысалы, Америкада биология міндетті пәндер қатарына кіргізіліп, ал биолог мамандығы компьютер мамандығымен бірдей басқа барлық мамандықтар арасында рейтингте бірінші орында тұр. ....
Курстық жұмыстар
Толық