Педагогика | Бастауыш мектепте жеке пәндерді оқыту барысында дамыта оқыту технологиялары

КІРІСПЕ
Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол. Дей, тұрғанмен, жаңа үлгідегі мектептер тәжірибесінде өз мақсат – міндеттерін дұрыс түсінбеуден, оларға лайықты ғылыми – педагогикалық негіздің болмауынан бар екенін айта кету керек.
Соңғы он шақты жыл ішінде оқыту процесін ізгіліндіру оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында біраз шаралар атқарылуда.....
Курстық жұмыстар
Толық