Психология | Психология тарихы

Психология нені зерттейді? Ол қандай ғылым? деген сұрақтарды қарапайым адамдарға қойсақ, мынадай жауап алар едік: « сезім мен ойды», «адам мінезін», «адамның ішкі әлемін зерттейтін ғылым» т.б. Егер нақты терминологиясына мән бермесек, алынған жауаптарды шындыққа жанасымды деп есептеуге болады. Шын мәнінде де психология жоғарыдағы аталынғандарды және т.с.с. көптеген мәселелерді қарастырады.
Тарихтың ежелгі кезінен-ақ қоғамдық жағдайлар адамдардың бір-бірінен ерекшеліктерін айыра алуға, мінез-құлқын түсінуге мәжбүр еткен. Қай кезеңді алып қарасақ та, психология ғылымы адамдардың ішкі және сыртқы әлемімен қатар жүріп отырған. Оған мысал ретінде екі адамның бір-бірімен танысуын алайық. Мұнда бір адам мен екінші адамның бір-бірін қабылдауы, ол туралы өзіндік ойы, сөйлеуі арқылы пікір алмасуы, эмоция мен сезімі, мінезі мен адами қасиеттерінің кейбір жақтары алғашқы танысудан-ақ байқалады. Бұл жағдайды тұтасымен алғанда психикалық құбылыстардың элементтері құралады. Бір қарағанда қарапайым ғылым сияқты көрінгенімен психологияның дербес ғылым болуына қаншама ғасырлар қажет болған. Алғашында адамдар « мен кіммін?», «мені кім жаратты?», «жан дегеніміз не?», «ол қай жерде орналасқан?» секілді философиялық сұрақтардан бастаған. Бұл мәселелерді психология философиядан дербес ғылым ретінде бөлініп шыққаннан кейін тереңдете зерттей бастаған. Психология өз дамуында ұзақ жолды жүруіне қарамастан, нақты объекті мен пәнін, мақсатын қаншама рет өзгерткен.
Бірінші кезеңде психологияға жанды зерттейтін ғылым деген атау шамамен екі мың жыл бұрын берілген. Адамдардың өміріндегі түсініксіз жағдайларын жан арқылы түсіндіруге тырысқан.
Екінші кезеңде психология сана туралы ғылым деп аталынған. Оның басты себебі V ғасырдағы жаратылыстану пәнінің дамуына байланысты. Ол заманда сезіне алу, ойлау қабілеттерін ойлау процестерін санаға жатқызғандықтан, зерттеу әдісі ретінде адамның өзін-өзі бақылауы мен фактілерін жүйелеп баяндауын негізге алған.
Ал үшінші кезеңде  ғасырда пайда болған психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым деп қарастырған болса,төртінші кезеңде психология объективті заңдылықтар мен психика механизмдерінің көрінуін зерттеген.
Бүгінгі таңда психология –жан құбылыстарының сыртқы және ішкі дүние заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналған. Жалпы алғанда «психология» ұғымы ортағасырдағы еуропалық- діндарлардың ықпалынан туындағанымен, оны XV ғасырда неміс ғалымы Христиан Вольф ғылымға алғаш енгізген [1,6]. Психология термині гректің екі сөзінен (psyche- жан, logos- ілім) алынған, бұл «жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінуі мынадай. ....
Курстық жұмыстар
Толық