Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ

Жалпы білім ісін қайта құру сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндеттерін шешу жас мамандардың кәсіби біліктігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. «Халық мұғалімі - жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан-жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді».
Қазіргі жағдайда қайта құру процесінің басты міндеттерінің бірі - білім сапасын арттыру алдындағы орынға қойылып отыр. Сондықтан мұғалімнің білімділігі, интеллектуалдық мүмкіндігі жоғары болған сайын оның шәкірттерінің білімге, ғылымға деген қызығушылығының артуына ықпалы күшейе түседі. Сөйтіп, мұғалім өз заманының ең білімді, мәдениетті адамы бола отырып, оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді. Мұғалімнің кәсіби дайындығы оның қоғамдық-саяси, арнаулы және психологиялық-педагогикалық терең жан-жақты білімі болуымен анықталады.
Бүгін де білікті педагог мамандарын даярлау заман талабына айналып отыр. Елбасымыз өзінің жуықтағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа сатыдағы мұғалім өмірге келуін білім беру жүйесін реформалау нәтижелерінің бірі ретінде атап өткен. ....
Курстық жұмыстар
Толық