Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Оны зерттеуге марксизм классиктерiнiң еңбектерi, қазақстандық және шетелдiк экономистердiң көптеген еңбектерi арналған.
Бұл тақырып өзектi, себебi қазiргi жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жеттi. Бүгiнгi таңда әңгiме қарызға берiлетiн ақшалай капитал көлемдерiн әрдайым арттыру жөнiнде емес, сонымен қатар қаржылық қатынастар субъектiлерiн кеңейту және операциялардың өзiнiң көп түрлiлiгiнiң өсуi жайлы болып тұр.
Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздiксiз айналым жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсiп, қаржылык-қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал салымдарының қажеттiлiгi бар экономика салаларында орналастырылып, iске тиiмдi қосылуы қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, кәсіпорындардыңтұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен инфляция деңгейi көптеген кәсіпорындардың қызметiне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында қарастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: ‘’Кәсіпорындардың қаржы саясатының’’ мәселелерi Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.
Талдау мен зерттеу жүргiзу барысында кәсіпорындардағы қаржы саясатын қалыптастыру мәселелерiн ашып көрсету үшiн, бiз әлемдiк тәжiрибеге үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиiмдi де пайдалы әдiстерiн қарастырып, кәсіпорындардыңқаржы саясатын қалыптастырудағы қажеттi әдiстемелердi саралап отырмыз. Осы кешегi күнге дейiн кәсіпорындар үшiн басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келдi. Бүгiнде өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтпай, бұл проблема өзiнiң орынын басқа проблемаға бередi – ол ел экономикасына кәсіпорындардың қаржы саясатын жүргiзудiң әсерi, оны қалыптастыру әiстемелерiн одан әрi жетiлдiру проблемасы. Сонымен, кәсіпорындардың қызмет аясы кеңейген сайын, кәсіпорындардың қаржысын басқару тәуекелi де ұлғая бермек. Бiрақ, кәсіпорындардың әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлық тәуекелдiң түрлерiмен кездестi деп айта алмаймыз. Алайда олардың саны өсiп барады, ал бұл проблема кәсіпорындарүшiн жаңа болып табылады, сондықтан да кәсіпорындардың қаржы саясатын жүргiзу әдiстерi бойынша қандай да бiр тереңдетiлген зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда кәсіпорындардың қаржы саясатын қалыптастыру саласындағы зерттеулер Қазақстанның экономикасын реформалау кезiндегi өзектi проблемалардың бiрi болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негiзгi мiндеттерiн қоюға негiз болды.
Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып кәсіпорындардың қаржы саясаты саласындағы әлемдiк тәжiрибенi оқып бiлу және оның жергiлiктi жағдайға бейiмделуi болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды: ....
Курстық жұмыстар
Толық