Экономика | Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызмет етуі тұрақталды десек те, кейбір банктердің (Бизнес банк, Көмірбанк) кенттен жабылып қалып, өз салымшыларының алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы әлі дн болса бұл жүйенің қызмет етуінде кемшіліктердің бар екендігін көрсетеді. Бұл кемшілік тек қана осы банкротқа ұшыраған банктің менеджметінде ғана емес, сонымен бірге осы жүйенің бас буыны Ұлттық банк тарапынан да кетіп отыр деп ұғуға болады. Өйткені, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге қолданатын өз реттеушілік құқықтарын дұрыс пайдаланып қадағалау жүргізуінде қателіктерге жол беріп отыр. Сондықтан банк жүйесінің қызмет етуі әр уақытта тәуекелмен байланысты болып отырғандығын дәлелдеудің қажеті жоқ, ол әлемдік банк тәжірибесінде әлдеқашан дәлелденген.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екендігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстанның нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі. Ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі – ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни, депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі-салымдарды тартумен байланысты депозиттік операциялар болғандықтан, осы операцияларды жүргізуде банктер өз кәсіби шеберліктерін, заңдық, әдістемелік, техникалық негіздерін және т.б. тұстарды әр уақытта жетілдіріп отыруы қажет.
Экономистердің есептеуінше бүгінгі күні халық қолында банк жүйесіне тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған едәуір қаражат бар деген болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшері бірде 400 млн. доллардан асады деп айтылса, бірде 1 млрд. доллардан астам ақшалай қаражат бар деп аталады. Бұл сандық мәлімет 2000 жылы өткен. «Қаржыгерлер конгресінде» Қазақстан Республикасы Президентінің жасаған баяндамасында аталды.
Егер банк жүйесіне салым ретінде салынған 1000 теңгенің мультипликациялануы нәтижесінде 20 000 теңгеге дейін артатынын ескерсек, онда халық қолындағы экономикаға тартылмай отырған қаражаттардың біз үшін қаншалықты маңызының бар екенін көруге болады. Бұл қаражат иелерінің өз қолдарындағы ақша қорларын тиімсіз сақтап отыруы ол банк жүйесінің 90-жылдардың басындағы экономика дағдарысына байланысты халық сенімінен шығып қалуының салдарынан болып отыр.
Қалай болған жағдайда да банк жүйесіне деген ел сенімін арттырып, олардың мүдделерін жан-жақты қоғап, экономикаға қызмет етпей бос жатқан ақшалай қаражаттарын тарту әрбір атқан күннің басты мәселесі. ....
Курстық жұмыстар
Толық