География | Каспий мәселелері

Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл.Оның көлемі 232 шаршы миль,яғни 600 мың шаршы километр.Каспий теңізі мен оның бассейн ішіндегі аймақ туралы әңгіме болғанда,Батыс елдері мамандарының сілекейі шұбырады.Бұрын бірқатар мамандар бұл геологиялық аудан мұнай мен табиғи газ қоры жағынан Парсы шығанағы аймағымен тайталасқа түсуі мүмкін дегенде,ондай болжам ғажап қиял сияқты көрінетін.Өткен жылы Қашағаннан мұнайдың ғаламат қоры табылғаннан бері бұл қиял шындыққа айналды.
Бірақ қазірдің өзінде осы бір жақсылықты оқиғамен бірге Каспий фаунасының (жәндік-жануарлар әлемінің) бұрыннан болжағандай қырғынға ұшырауы шындыққа айналып келеді.Өткен аптада Мәскеулік «Московские новости» газеті Астрахандағы балық мамандарының мәліметіне биылғы жылы көптігі арқасында Атыраудың негізгі балығы болып саналатын шабақтың өздігінен қырылып қалғанын жария етті.Өткен жылы Каспийдің тек Қазақстанға қарасты бөлігінде 10 мыңға жуық итбалықтың (тюленьнің) құрбаны болғаны туралы естігенмін.Ал солармен қатар аймақта миллиондаған құстың қырылғанынан хабарымыз шамалы,өйткені бұл туралы көп айтылмайды және жазылмайды. Себебі, Каспий айналасы мен табанындағы шикізат қорын игеруге миллиардтаған доллар инвестиция жұмсап, барымта ретінде ондаған миллиард доллар пайда көздеген.Қазіргідей бәрі ақшамен есептелетін және бағаланатын заманда Қазақстан сияқты елдегі қоғамдық пікірді «қазаншының өз еркі – қайдан құлақ шығарса да» принципіне сай қалыптастыру олар үшін түк те емес.Нәтижесінде мынадай жағдай қалыптасып отыр: судың үстінен ұшатын құс та,бетімен жүзетін итбалық та,астымен жүзетін балық та қырылды.Ал осы қырылғандарға мұнайшылардың әрекетінің байланысы барма,әлде жоқ па-ол белгісіз. «Бар екен» деп көріңіз,сонда әлемнің шар тарапынан келген талай-талай лауазымды,атақты ихтиологтар мен ....
Курстық жұмыстар
Толық