Биология | Дәрілік өсімдіктер

Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 –дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар.
Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б.
Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ – бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т.б.
Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Бұл жерлерде және де басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің өңірге бейімдеп өсіріп жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: паслен дольчатый, өткір жапырақты кассия, дәрілік альтей, дәрілік календула, иісті рута, кәдімгі пижма, күмәнді иссоп, дәрілік валериана, мускатты жалбыз, кәдімгі фенхаль және түкті эрва, т.б. жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Дәрілік өсімдіктер

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі.Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді.
Халықтың денсаулығын сақтауға, ұзақ жыл өмір сүруге деген талпыныстары әрқашан да белсенді болған. Осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазір қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу әдісі XVIII – XIX ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков «Ботаникалық сөздік » атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов « Экономикалық дүкен » атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың « Орыстың дәрілік өсімдіктері » атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И. Иноземцов сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді.
Дегенмен патшалық Россияда дәрілік өсімдіктерді пайдалану ісі ойдағыдай болған емес. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана біздің елімізде шипалы шөптерді зерттеу ісі кең қанат жайып, мемлекеттік маңызға ие болды. 1921 жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі дәрілік өсімдіктерді жинау туралы декрет қабылдады. Ал 1925 жылы дәрілік өсімдіктер жөнінде тұңғыш рет Бүкілодақтық кеңес болып өтті. Міне, содан бері бұл салада біздің елімізде біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктерді зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері – ботаниктер мен фармацевтер, фармакологтар мен әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылдануда. Бүкілодақтық дәрілік және хош иісті өсімдіктер институты (ВИЛАР), Бүкілодақтық химия-фармацевтика ғылыми-зерттеу институты (ВНИХФИ), РСФСР Денсаулық сақтау министрлігінің аптека ғылыми-зерттеу институты (ЦАНИИ) сияқты көптеген ғылыми-зерттеу институттары жемісті жұмыстар жүргізуде ....
Курстық жұмыстар
Толық