Экономика | Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп ....
Курстық жұмыстар
Толық