Құқық | Демократиялық мемлекеттегi билiк жүйесi


Мемлекет туралы әрқилы түсініктер, оның пайда болуы, дамуы және болашағы, оның мән-маңызы, нысандары туралы жинақталған қорытындылар, зерттеулер болашақта Қазақстан келешегі үшін маңызды.
Жұмыс мемлекет нысаны ретiндегi саяси тәртiп туралы, яғни аталған теорияның (ұғымның) мемлекеттанудағы мазмұндамалық сипатын анықтауға арналған. Саяси тәртiп ұғымын жан-жақты зерттеу мақсатында оны жеке тарауда қарауды мақсат еттім. Саяси тәртiп туралы ұғым маңызды сипаттамалардың бірінен саналады. Әдістемелік жағынан қарағанда мұның маңызды екеніне сөз жоқ. Канттың өзі де дер кезінде нысанды мемлекеттіліктің материясын тәртіпке келтіретін, оны синтездейтін түпкі бастамалық негіз ретінде қарастырған. Мемлекеттік-құқықтық жаратылыстан туындайтын мемлекет нысандарының қатаңдығы мен айқындығы саяси бағыт-бағдарларды іске асырудағы шектей алатындығы белгілі.
Мемлекет нысанын зерттеу теорияның өзін әліппеден бастаудың магистралдық бағытына тең болатын және қазіргі уақытта мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымы ұсынылады. Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда ең жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе, оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, былайғы халықпен қатынасу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі. Басқару нысаны мемлекет нысанының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады.
Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонды үлгі ете отырып мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристрократияға (элитаның үстемдігі) және политеимге (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдігі) бөлді. Ағарту (қайта өрлеу) заманынан бастап мемлекетті үш түрге бөліп алып, оны монархия және республика деп екі түрге ажырататын болды. Мемлекеттің типі оның мәніне, басқару нысанына, шешетін індеттеріне сәйкес болып отырады. Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі типі (түрі, нысаны) де болады. Осындай жағдайды Қазақстан басынан кешіп өтті, қазіргі уақытта Конституциямыз бойынша Қазақстан - демократиялық, біртұтас, тәуелсіз, зайырлы мемлекет деп жариялап, басқарудың президенттік түрін таңдап алды. Қазақстан тәуелсіз, құқықтық, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, басқару нысанын іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымыздың басқару нысаны туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруландырудың маңызы зор деп санаймын.....
Курстық жұмыстар
Толық