Экономика | Дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу

Мемлекеттік басқару дағдарысы- мемлекеттік басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгермелуімен, саяси қақтығыстардың ұшығуымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуі мен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі.
Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері болып мыналар табылады.
- саяси және әлеуметтік қақтығыстардың ұшығуы, оның ашық саяси сипат алуы немесе талап пен сұраныс билік құрылысының саяси бағытын, басқарудың стратегиясы мен әдістерін өзгертуге бағытталады.
- Қақтығыстардың өсуін мемлекеттік биліктің басқара алмауы, саяси-экономикалық процесстер мен дәстүрлі әдістердің қатынастарын реттеу мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат “зигзаг” түрінде көрінеді.
- Басқарудың құрылымдық-функционалдық жүйесінің және саяси билік институттарының теңестірілмеуі, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың үзілуі, мемлекеттік биліктің легитимділігінің жойылуы, қоғамның саяси қауіпті және ұшыққан күйі.
Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың барлық белгілері кезеңдермен дамиды.
Бірінші, бастапқы кезең: қоғамдық өмірдің әр аумағында көптеген жанжалдар ошағынаң пайда болуымен сипатталады. Солқылдақ плюралистикалық жүйеде тоқырау күштер мен көзқарастардың жаңа арақатынасын көрсетеді, олардың шешімі саяси дамудың жаңа көздері болып табылады.Бұл жағдайда жанжалдар тұрақтандыру, түзету рөлін атқарады.
Қатаң көпшілік- саяси жүйеде жанжалдар тұрақсыздық, бұлғаңдату рөлін атқара отырып саяси күйзелісті тереңдетеді....
Курстық жұмыстар
Толық