Қаржы | Валютаның еркін айналымдағы бағам режімдері
Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
Саяси - саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-тендік; психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатыңда алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.
Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс.
Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс икемделе отырып, ішкі экономика дамуының іргетасы болуға тиіс. Осы саясатты жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты факторлармен үйлестіре отырып, қатаң ұстану арқылы мемлекет жедел даму траекториясына шыға алад ....

Курстық жұмыстар