Қаржы | АҚША ТҮСІНІГІ МЕТАЛ АҚШАЛАР

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазакстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қараганда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы каражат калдығының шегінде қолма-қол ақшамен нығайтылып отырды, онда операциялық кассадағы қолма-кол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттык банк акша базасының шамасын Ұлттык банктің корреспонденттік шотындагы екінші деңгейдегі банктердің каражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни баиктердің өтіміділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасыныц ұлғайган шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына катынасы ретінде есепте-летін акша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.
Акшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы колма-кол акшаның мултипликациялан байтындығымен байланыстырып түсіндіруте болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадагы айналыс жылдамдыгына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса акша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттык банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету) секілді акша-несие саясатынның аспаптарын пайдаланады.....
Курстық жұмыстар
Толық