География | Азияның негізгі өзендері

Аралдарымен бірге Азияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км шамасында , яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ . Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-ге тең, бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа қалыңдығы жағынан Азиядан кейін Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерешеліктерін толық көрсете алмай отыр.
Азияда ұзына бойы созылып жатқан таулар көп. Осы таулардан Азияның ең ірі өзендері ағып келіп мұхиттарға құяды. Осы ең ірі өзендердің бастауы мына таулардан ағып шығады. Мысалы, Кавказ, Тянь – Шань, Гималай, Памир, Тибет, Қарақорым, Гиндукуш және тағы басқа таулар. Осытауларда мұздықтар көп таралған. Мұздықтар өзеннің толығуында аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60% ─ і сыртқы, 40%─і ішкітұйық алқапқа орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитқа Обь, Енисей, Лена, Яна, Индишрка, Колыма, Тынық мұхитқа Амур, Хуанхэ (сары өзен), Янцзы (көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитына Брахматура, Ганг, Инд, Әл – Араб өзендері құяды. Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері: Еділ, Амудария, Сырдария, Кура, Жайық, Іле өзнедері жатады және экваторлық белдеудегі өзендердің суы әр дайым жыл бойында мол болады. Азияның өзендері теңіздік жаңбырларға байланысты бүліл жаз бойы тасиды. Жерорта – теңіздік Батыс Азияның өзендерінің суы қыста молаяды.....
Курстық жұмыстар
Толық