География | АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫ

Жұмыстың мақсаты –Австралия материгінің физикалық географиялық қалыптасу ерекшеліктеріне қарай отырып флорасының және топырағының жануарлар дүниесінің таралу заңдылықтарымен ерекшеліктеріне талдау жасау. Австралия материгі - Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, Шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасы нашар тілімденген. Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200 км-ге батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады көлемі- 7631,5 мың км2.
Австралия дан солтүстікте және шығыста, Тынық МҰХИТТЫҢ оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық.және жанар тау текті көптеген ірілі-ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы apaдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.
Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі (Меланезия, Микронезия және Полинезия).
Австралияның климат жағдайларының қалыптасуында Тынық Мұхит пен оның үстіндегі солтүстік және оңтүстік жарты шардың пассатты ауа ағыстары жүйесінің, сондай-ақ қыста недәуір салқындап, жазда күшті ысып кететін Австралияның континентті массивтерінің ролі зор.....
Курстық жұмыстар
Толық