Экономика | Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі

Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап – барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.

Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.

Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта – жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. «Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға» қол жеткізуге талаптану – болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.

Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.

Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.

Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет. ....
Курстық жұмыстар
Толық