Банк ісі | Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі

КІРІСПЕ
Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
"Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін.
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» субшотында ескеріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық