Тарих | Ежелгі туріктердін тарихынын тарихнамасы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі түріктер дәуірі немесе ежелгі түріктер заманы деген ұғым тарихи әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму үрдісін білдіргенде VI-VIII ғасырларды қамтиды, яғни ежелгі түрік мемлекеттері заманын көрсетеді (тар мағынасында). Ал енді тарихи – этномәдени даму үрдісін білдіру үшін кең мағынада қолданылғанда V-X ғасырлар арасындағы мезгілді көрсетеді. Тарихи – хронологиялық жағынан алғанда бұл кезең ұлан байтақ территорияны мекендеген әр түрлі тайпалардың бәріне түсінікті ортақ тілдің, өзара жақын әдет-ғұрыптың, қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Біздің зерттеу нысанымыз VI-VIII ғасырларда өмір сүрген ежелгі түріктердің тарихының зерттелу деңгейі болып табылады.
Батыс пен Шығыс арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп ежелгі түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр салты бар өзгеше дала мәдениетінің негізін салып, қоғамдық - әлеуметтік институттардың күрделі түрлерін, еншілік жүйесін, соғыс өнерін, елшілік үрдісін игере білді. Сол сияқты олардың көрші елдердің идеологиясына қарсы қоятын мұқият әзірленген дүниетанымы да болды. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Еуроцентристік көзқарасты жақтаған еуропалық, патшалық Ресей тұсындағы ғалымдар ежелгі түріктер ерекше діндар болмады, саудаға да бейім емес еді, сондықтан төл жазуының әліпбиін шығаруға құлықсыз болды. Қатаң даланың жыл мезгілдерінің ығына жығылып, көшіп-қонып жүріп табиғатқа тәуелділікке түскен көшпелілердің қоғамы – тарихы жоқ қоғам дейді......
Курстық жұмыстар
Толық