Биология | Биология пәнін оқыту әдістері

І Кіріспе
Оқушылардың пәндер мен тірі табиғат құбылыстары танымынан сабақ үлгеруі көп жағдайларда оқыту методтарына байланысты болады. Мұғалім методты анықтау кезінде курстың жалпы қорытындылау сипаты мен мектегі оқушыларының жас ерекшеліктерін еске алуы қажет. Оқыту методын таңдап алу оқу материалының мазмұны және мектеп оқушыларының танымдық әрекеттері – репродукциялы (еске түсіру, иллюстрациялы) немесе зерттеу сипаттарымен анықталады.
Мектеп оқушысы репродукциялы танымдық әрекет кезінде мұғалімнен, кітаптан, оқу фильмінен даяр информация алатын болғандықтан оны онша көп қиналмай еске түсіреді.
Оқытуды өздігінен іздену жауабына мәжбүр етілетін зерттеу принципін пайдаланған кезде мектеп оқушыларының танымдық процесі мүлде басқаша өтеді. Оқушының танымдық әрекетін зерттеу сипаты өздігінен жұмыс істеу кезінде өте айқын байқалады.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Оқыту әдістері және оның түрлері
Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық