Қазақ әдебиеті | Шәкәрім лирикалары

Кіріспе
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті идеялық, тақырыптық және көркемдік жағынан жаңа сипатқа көшіп, соны бағытқа бет бұрды. Бұл бағыт өмір құбылыстарын кестелеудегі шынайылықты, имандылқ пен азаматтық үнді қастерлейтін реалистік бағыт еді. Қандай дап болсын реалистік туындының күш – құдіреті айнала қоршаған ортадағы былайғы көпшілікке беймәлім құбылыстар мен құпия сырларды мейлінше нанымды әрі көркем етіп жеткізе білуінде болса керек. Реалистік әдебиеттің әлеуметтік маңызы мен қоғамдық мәнінің өзі оның өмір құбылыстарын, уақыт пен кеңістік сипатын дәл де шынайы бейнелей білумен өлшенбек.
Төл әдебиетіміздің даму тарихындағы аса маңызды белеске айналған осынау дәуір ұлттық лирикамыздың жан-жақты баюына, нәрленіп, ажарлануына аса мол ықпалын тигізеді. Бұл дәуірде Абайдың ақындық дәстүрі тұтас мектеп е айналып, өзінің ізбасары мен жалғастырушылары арқылы тамырын кең жайды. Осынау ұлағатты дәстүрді нысана тұтқан ақындардың алдында өз заманындағы қазақ даласының әлеуметтік - саяси жағдайынан, рухани мәдени психикалық хал-ахуалынан туындайтын сан тарау тақырыптар бой көтерді. Мұның өзі лирикалық поэзияға аса мол м індеттер жүктеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шәкәрім лирикалары

Кіріспе
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті идеялық, тақырыптық және көркемдік жағынан жаңа сипатқа көшіп, соны бағытқа бет бұрды. Бұл бағыт өмір құбылыстарын кестелеудегі шынайылықты, имандылқ пен азаматтық үнді қастерлейтін реалистік бағыт еді. Қандай дап болсын реалистік туындының күш – құдіреті айнала қоршаған ортадағы былайғы көпшілікке беймәлім құбылыстар мен құпия сырларды мейлінше нанымды әрі көркем етіп жеткізе білуінде болса керек. Реалистік әдебиеттің әлеуметтік маңызы мен қоғамдық мәнінің өзі оның өмір құбылыстарын, уақыт пен кеңістік сипатын дәл де шынайы бейнелей білумен өлшенбек.
Төл әдебиетіміздің даму тарихындағы аса маңызды белеске айналған осынау дәуір ұлттық лирикамыздың жан-жақты баюына, нәрленіп, ажарлануына аса мол ықпалын тигізеді. Бұл дәуірде Абайдың ақындық дәстүрі тұтас мектеп е айналып, өзінің ізбасары мен жалғастырушылары арқылы тамырын кең жайды. Осынау ұлағатты дәстүрді нысана тұтқан ақындардың алдында өз заманындағы қазақ даласының әлеуметтік - саяси жағдайынан, рухани мәдени психикалық хал-ахуалынан туындайтын сан тарау тақырыптар бой көтерді. Мұның өзі лирикалық поэзияға аса мол міндеттер жүктеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қожа Ахмет Яссауидың Түркістанға байланысы

Кіріспе
Түркістан Қазақстан Республикасындағы тарихи қала, Иассы – Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық әкімдік аумағының орталығы. Сырдарияның оң жағалауында Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Халқының саны 90,3 мың адам. Қаланың іргетасы б.з. 1 мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2 мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңірлеріндегідей андрон мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылығы қаланы құлдыратып жіберді. 1819 жылы Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. Қалада мақта тазалау, жем, кірпіш заттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар, кәсіпорындар жұмыс істейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары

Кіріспе
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандыруымыз қажет.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез-келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар үлкен жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді - білікті бола ала ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола ала ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?
Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық құқығы | Жеке табыс салығы

1. Жеке табыс салығының міндеттері
Көптеген елдерде жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтың принциптері ортақ болып келеді. Негізгі принциптері мыналар: • барлық салық төлеушілер резидент және резидент емес деп бөлінеді. Резиденттікті анықтаудың басты белгілері болып жеке тұлғаның нақты бір ел аумағында алты айдан астам мерзім аралығында болуы. Резидент салық төлеушілер ел ішінде және елден тысқары жерде алған барлық табыстарынан салық төлесе, резидент еместер тек ел ішінде алған табыстарынан салықты «төлем көзінен» төлейді, яғни олардың салық жауапкершілігі шектеулі;
• салық салу барысында әр түрлі көздерден алған барлық табыстары негізінде жиынтық табысы анықталады; салық төлеушінің салық салу барысында өзіне, асырауындағы әрбір адамға салық салынбайтын минимум мөлшері беріледі;
• салық салу кезінде медициналық шығындар, әлеуметтік сақтандыруға төлеген жарналар, кәсіби шығындар жиынтық табыстан шегеріледі;
• салық сомасы үдемелі салық ставкасы негізінде анықталады;
• жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар салықты бірге немесе бөлек төлеуіне болады.
Салықтың есептелу немесе алыну тетіктерінде кейбір ерекшеліктері болмаса, салық салудың объектісі және төлеушілері ұқсас болып келеді, Жеке тұлғалар табыстарынан бөлек, салықты жеке өзі төлейді немесе жиынтық табыстан төленеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Туризм | Әуе көлігінің халықаралық туризмдегі мәні

КІРІСПЕ
Жер бетімен және сумен тасымалдау түрлернің қаншалықты жедел болғанымен, жер өте үлкен, сондықтан алыс мемлекеттер мен континенттерге саяхаттау үшін айлар мен жылдар кеткен.
Адамдардың әуе көлігін ойлап табуы, бұл көлік түрінің дамуы мен оның саяхаттау мақсатын да пайдаланылуы туризмнің қалпын, стилі мен тәсілдерін өте қатты өзгертіп, туризмнің көпшілік түрінің дамуына, саяхаттар географиясының және туристік ағымдардың, құрылымының өзгеруіне әкеп соқты.
Мысалы, Мәскеуден Владивостокқа темір жол арқылы саяхаттау ең аз дегенде 7 күн алады, демек жалпы 14 күн (барып- қайту үшін). Ал бұл саяхатшының тасымалдауға бөлетін уақытының нормасынан шығады.Ұшақ болса, Мәскеуден Владивостокқа 8 сағат ішінде жетуге мүмкіндік туғызады.
Туризм мақсатымен трансконтиненталдық тасымалдауда әуе көлігінің бәсекелесі жоқ (арнайы мақсатпен саяхаттауды алмағанда).
Көпшілік туризмі әр жұмыс істейтін адамның бос уақытында негізделген.
Еңбек қарым-қатынастарын реттейтін Норма бойынша, жұмыс-
шыларға берілетін демалыс 2-4 аптаға созылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі

 Кіріспе
1. Тақырыптың өзектілігі.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан , түсінік– паймнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер, тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар.
Мен осы тақрыпты не үшін тандап алдым, себебі Париж бейбіт конференциясы халықаралық қатынастын дамуына өте үлкен ықпалың тигізді. Париж конференциясының маңызды нәтижесі - Ұлттар лигасының құрылуы болды. Ұлттар лигасының жарғысын В.Вильсон бастаған арнайы комиссия жасады. Ұлттар лигасы әлем халықтары арасында ынтымақтастықты дамытуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті болды. Париж бейбіт конференциясының құрылуы халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларының қалыптасуына негіз салды. .... 

Курстық жұмыстар
Толық