Экономика | Мемлекеттің қаржысын жоспарлау

Кіріспе
Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады. Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді. Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс)......
Курстық жұмыстар
Толық