Крылов Иван (Ала қойлар) [Абай аудармасы]

Бір таудағы хайуанды бір арыстан
Билеген патшасы екен әуел бастан.
Әділ атақ алмақшы ниеті бар,
Ешкімді ауыртпастан, жылатпастан.
Онысы рас, басында тәуір болған,
Сөйтсе де кімді бұзбас бақ антұрған.
Алдынан жан шықпаған.....
Өлеңдер
Толық

Лермонтов Михаил Юрьевич (Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?) [Абай аудармасы]

Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?
Хүкімші шалдар мәз боп отыр ма онда?
Антұрғандық қылығын алла ісі деп,
Нандырар қандай сопы, қандай молда?
Мені өлтірді-ақ, не пайда осыларға?
Менің өмірім оларға қосылар ма?
Ол шалдар қыршын жасты қиғанменен,
Өз бойына жапсырып тұшынар ма?
Сопысынсын, хақ десін....
Өлеңдер
Толық

Лермонтов Михаил Юрьевич (Вадим) [Абай аудармасы]

Батар күнге шымылдық – көк бұлт кең,
Толқынды қызыл торғын өртпенен тең.
Өткен дәурен секілді нұры жайнап
Арттағы мұнараға береді рең.
Ол – монастырь сопылар тұрар жері,
Кешкі қоңырау соғылған көптен бері.
Сопылар, қызметкерлер басылған жоқ,
Тас көшесін сыпырып жүргендері.
Ұзын қара бешпентті, ұзын шашты
Жамағатты итеріп бір....
Өлеңдер
Толық

Крылов Иван Андреевич (Есек пен бұлбұл) [Абай аудармасы]

Тойған есек шөпті оттап маңайдағы
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.
Сенбісің ақын бұлбұл, жаңа көрдім,
Атыңа жұрт мақтаған құмар едім.
Бір сайрап берсең, қалқам, өзім естіп,
Рас па екен жұрттың....
Өлеңдер
Толық