22 Наурыз - Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама.

"Достық" алаңы мерекеге сай безендірілген. Сахна үстінде «______» фольклорлық ансамблі (жүргізушілер, салтанатты кештің құрметті қонақтары).


Алаң ортасында би ансамблдері жетекшілерімен....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

«Аналар өмір шуағы» 8 наурыз!

Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Концерт 2-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Концерт 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану;
3.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу;
Сабақ мақсаттары:
• концерт туралы түсінік алады;
• концертке арналған афиша жасайды;
• концерттік бағдарлама жасап үйренеді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Концерт 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Концерт 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату
Сабақ мақсаттары: • Афиша, концерт, этно-рок ұғымдарымен танысу;
• Концерт түрлерін зерттеу;
• Концерттік бағдарлама құрастыру.
• Шығармашлық жұмысын таныстыру және бағалау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әлемді дүр сілкіндірген концерт

“Астана-арена” стадионында Димаштың“Бастау” атты концерті өтті. Бұл мәлімет бүкіл әлемге тарап кетті. Жан-жақтан түрлі туристтер әншімізді көруге келді.

Қытайда өткен “Мен әншімін” байқауының жүлдегері Димашты қолдауға қытайлық Терри Лин, “Евровидение-2012” байқауының жеңімпазы Лорин, ресейлік Кристина Орбакайте, Қазақстандық майра Мұхамедқызы сынды әншілерден бөлек “Алау”, “Кешью”, “Бастау”және т.б топтар келді.

Өнердегі әріптестерінен соң сахнаға концерттің басты кейіпкері-Димаш шыққанда, оған көрсетілген құрмет-қошемет ерекше болды. Жарқ-жұрқ еткен шамдар, бишілер тобымен ортада жарқырай көрінген ол қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдеріндегі туындыларды кезек-кезек орындады. Бес бөлімнен тұрған шығармашылық кеш барысында дуэткеде кезек берілді, күй де күмбірледі. Жүз пайыз жанды дауыста өткен концертте, әрине, мемлекеттік тілдегі әндерге басымдық берілді. Концертте “Бұл менің көптен бергі арманым ғой”деген Димашқа келген көрермендірдін қатарында қытай,орыс, француз жастары да бар.

Олар кеш бойы ақ тілегі жазылған парақшаларды жоғары көтеріп жас талапқа өз риясыз көңілдерін білідірумен болды. Недеген жанкүйерлік махабат десеңіз ші!....
Эсселер
Толық

Қазақша - орысша сценарий: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (Болашақ бүгіннен басталады)

І-жүргізуші:Қайырлы күн,қымбатты балалар,құрметті қонақтар және ұстаздар! «Болашақ бүгіннен басталады» атты 1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

ІІ-жүргізуші:Уважаемые гости, дорогие ребята! Мы приветствуем Вас на замечательном празднике Дня Благодарения «Будущее начинается сегодня» От всей души желаем в этот особенный день много радости,веселья и приятных сюрпризов! Пусть этот праздник остается для всех самым любимым праздником!
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Концерт кезінде шпагатқа отырған Ернар Айдар жұртты таңғалдырды

Ернар Айдар концерті кезінде шпагатқа отырып, оның өнерін тамашалауға келген халықты таңғалдырды. Танымал әншінің өлең соңында мұндай ерекше қабілетін көрсететінін оның жанкүйерлері мүлде күтпеген деп жазады NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Концерт


Сахнаның үстінде ұзынды-қысқалы екі адам тұр еді. Бұл концерт әдеттегі концерттерден қызықсыз көрінетін сияқты болды. Өйткені келіп жататын концерттердің адамы көп боп дүмеп жүретін. Мұндай концерттердің негізі, әдетте, облыс орталығынан келеді. Өздерінің сөздерімен айтқанда, Қызылорда облыстық филармониясының жанынан құрылған. Сахна ашылғанда барабанда, гитараларда ойнайтын жігіттері тұрады. Олар әншілерді сүйемелдейді. Енді бірде бұл жігіттер қаздай тізіліп сахнадан шығып бара жататын. Демек, сахнаға дәстүрлі әнші көтеріледі деген сөз. Осы кезде концерт жүргізушісі дәстүрлі әншіні хабарлай бастайды. Әншіге берілетін барлық атақ-абыройдан да артық түсер бір сөз бар еді. Ол сахнаға көтеріліп келе жатқан дәстүрлі әншіні Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті деп хабарлаған сөз. Дәстүрлі әншіге адамдардың тарапынан құрмет пен қошемет көрсетілуі үшін осы сөздің өзі де жеткілікті еді. Ал келген концерттің құрамында филармонияның күміс көмей әншісі Күлән Қалымбетованың болуы адамдарға шабытты көңіл сыйлайтын. Әншіге деген халықтың құрметі мен ықыласы тым ерекше еді.

Жекелеген аспапта ән салатын әншілер де келетін. Сондай әншілердің бірі Геннадий Шульга болды. Осы Геннадий Шульга келе жатыр десе, нәзік жандылардың алабұртып кететіні несі екен. Сірә, олар Геннадий Шульганың сырнаймен сызылтып салатын әніне ғашық болса керек.

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Билеті де бәсі де жоғары концерт


Концертке билет таба алмағандығы үшін, сүйіктісінің соншама ренжігені жігіттің жанына батты. "Осы концертке барамын деп, неше күннен бері үміт етіп едім... Саған сенгендігім осы ма?.." - деп, қызының ашу шақырғандығына да, өзіне ренжіп ұрысқандығына да жігіт ләм-мим дей алмады. Рас, кінәлі еді. Үш күндік концерттің бірде-біріне де билет таба алған жоқ. Билет жоқ еді. Күнібұрын сатылып кеткен. Қолдан-қолға тигізбеген.

Бәрінен де бұрын жігітке сүйіктісінің дәл қазір осыған бола жылағандығы қиын тиді. Не деп жұбатарын білмеді. Сөйтсе де, өзін біржағынан жәбірленген жандай сезініп отыр. Қолынан келгеннің бәрін жасады ғой. Концерттің билеті онсыз да қымбат еді. Соның өзінде де, егер билет қолда сатылып жатса, бірнеше есе бағасына да сатып алуға келісер еді. Бағана ғана сондай бағаға сатып жатыр екен деп жүгірген қалың дүрмектің арасында өзі де болмап па еді. Бірақ жым-жылас. Билет жоқ. .....
Әңгімелер
Толық