Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік индукция Сабақ тақырыбы: Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестік. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.5.3 - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу; Сабақ мақсаттары: - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу.......
№24 Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Білім бері саласы:"Таным" Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі - көктем Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, жаз, қыс, күз) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту. Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, демонстрациялық ойын
Мотивациялық қозғаушылық Цифрды тап ойыны Педагог балаларға цифрды көрсетеді және оның қандай цифр екенін сұрайды......
Кіріспе Курстық жұмыстың мақсаты: Шағын мектептерде педагогикалық процестің маңыздылығын анықтау. Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. «Білім туралы» Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл оқулықтардың жазылуы - орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп жатқандығының айқын куәсі. Қазіргі кезде, яғни, өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған республикамыз әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім беру жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім сапасына кері әсерін тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын жинақталған мектептерге айналды. Соңғы алынған мәліметтер бойынша республикамызда жалпы орта білім беретін 8246 мектептің 3906-сы шағын жинақталған мектеп. Осы айтылып отырған «шағын жинақталған» мектепке мынадай түсінік беруімізге болады: 1) оқушы саны өте аз мектеп; 2) қатар оқитын сыныбы жоқ мектеп; 3) оқушы саны аз болғандықтан, әр деңгейдегі сынып оқушылары біріктірілген мектеп.....
Ι ТАРАУ Пысықтауыш және оның зерттелуі Түркологияда Н.К.Дмитриев, М.Балақаев, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова пысықтауышты арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастырса, Г.Д.Санжеев пен Л.П.Поцелуевский пысықтауышты формалық белгісінің негізіне сүйеніп және тек үстеу үшін арнайы сөйлем мүшесін қарастыру қажет емес дейтін пікірді негізге ала отырып, пысықтауышты сөйлем мүшесі деп танымайды. Қазақ лингвистикасында А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, М.Томанов, Т.Сайрамбаев, т.б. ғалымдардың пысықтауышқа қатысты еңбектері бар. Ахмет Байтұрсынов: «Тіл құрал» атты еңбегінде пысықтауышқа қатысты былай дейді: «Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде әр нәрсенің амалын көрсететін сөз баяндауыш. Сондықтан пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын сөздер болып шығады. Бұлар баяндауышты қалай пысықтайды? Әуелі баяндауыш көрсетіп тұрған амалдың мезгілін айтып, екінші орнын айтып, үшінші сынын, сыйқын айтып, төртінші себебін айтып, бесінші мақсатын айтып пысықтайды. Сондықтан пысықтауыш сөздердің өзі бес топқа бөлінеді:....
✅ Адамның ішкі психологиясын оның түрлі іс-әрекетіне қарап анықтауға болатыны белгілі. Тіпті, қимылсыз, ұйықтап жатқандағы қалпы арқылы да көп нәрсе айтуға болады екен. Ал бүгінгі тест жұбайыңызбен ұйқыға батқанда, қалай жайғасасыз, соған қарай араларыңыздағы қарым-қатынас жайлы анықтама береді.
✅ Төменгі берілген суреттерге қарап, өзіңізге сай келетін нұсқаны таңдаңыз да, нәтижесіне назар аударыңыз.
✅ 1. Қарым-қатынасыңыз тұрақты. Алайда, оған қол жеткізу сіздер үшін оңайға соқпаған. Бастан өткізген сәтсіз өмірлік тәжірибелеріңізге қарап, бақыттың барына сенімдеріңіз жоғалған кезде, бір-бірлеріңізді тапқан болуларыңыз мүмкін. Бақыт пен шынайы махаббатқа қол жеткізгендеріңізге қарамастан, оны жоғалтып алу үрейімен өмір сүресіздер. ......
Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шет елдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі. Сапа қай елде болса да өзекті мәселе. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан қалжырап шыққан Жапония мен Германия стандарттау мен метрологияны шебер қолдану арқылы өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және сол арқылы өз елдерінің экономикасын дамытуға басты қадам жасады. Қазіргі кезде дайындаушының және оның саудадағы келістірушісінің бәсекеде жеңуі және әлемдік рынокқа шығуы үшін олар тек қана стандарттардың міндетті талаптарын ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар ұсынған талаптарды да орындауға мүдделі. Бұл стандарттардың нарықтың ынталандырушысы статусына ие болғандығын көрсетеді. ....
Синтаксис (грек. sintaxis–біріктіру)–грамматиканың үлкен бір саласы. Синтаксис сөйлемдегі жеке сөздердің байланысын, сөз тіркесінің заңдылықтарын, сөйлем құрудың амал-тәсілдерін қарастырады. Егер де жеке сөздер морфология саласында статикалық (сол тұрған қалпында) тұрғыдан зерттелсе, синтаксисте олар динамикалық (қозғалыста) тұрғыдан қарастырылады. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде тексереді. Синтаксис–сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім. Жай сөйлемге қатысты үлкен мәселенің бірі – сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері әр тілде әр түрлі зерттелген. Лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызметті атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Сөйлемдегі сөздердің саны аз болса да, көп болса да, бір-бірімен мағыналық, тұлғалық байланысқа түсіп, сөз тіркесін жасайды. Ал сол сөз тіркесінің жеке сыңарлары сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады. Сөйлем мүшелерін дәл анықтап, дұрыс ажыратудың басты шарттары мыналар: 1. Сөйлемнің әр мүшесінің өзіне тән жеке сұрақтары болады. 2. Сөздердің бір-бірімен байланысына қарай басынқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қойылады. 3. Ол сөздердің қандай грамматикалық тұлғада тұрғандығын білу шарт. Қай тілдің болмасын синтаксистік категориялары мен морфологиялық категориялары бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Сөз синтаксистік қызметі мен басқа сөздермен арадағы қатынасын сөйлем құрамында көрсетеді. Кейде сөздің лексикалық мағынасының өзі сөйлем құрамы арқылы айқындалады. Сөйлем белгілі бір ой желісін білдіріп, тыңдаушы жұртқа түсінікті болу үшін, ондағы сөздер өзара берік синтаксистік байланыста тұруы тиіс. Сөйлемдік қоршаудағы әр сөз өзіне лайықты орында тұруы және жалғау, шылау сияқты дәнекерлік қызмет атқаратын тұлғаларды дұрыс қабылдауы керек. Осы талаптар дұрыс орындалмаса, сөйлемдегі сөздер өзара берік байланыса алмайды да, айтылған ой түсініксіз болады. Демек, айту, тыңдау процесі өз мақсатына жете алмайды. Сөйлем құрамына енген сөздерді өзара таптастырғанда, оның рөлі мен маңызы ескеріледі. Осы тұрғыдан қарағанда, тұрлаулы, тұрлаусыз болып екі топқа бөлінеді. Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер – тұрлаулы мүшелер – сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады.
Ι ТАРАУ Пысықтауыш және оның зерттелуі Түркологияда Н.К.Дмитриев, М.Балақаев, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова пысықтауышты арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастырса, Г.Д.Санжеев пен Л.П.Поцелуевский пысықтауышты формалық белгісінің негізіне сүйеніп және тек үстеу үшін арнайы сөйлем мүшесін қарастыру қажет емес дейтін пікірді негізге ала отырып, пысықтауышты сөйлем мүшесі деп танымайды.....