Ағза тазалауда көмекке келер 11 тағам

Ішіп-жеген асымыз ағзамызда «қалдық» қалдырады. Ал ағзамызды тазартпасақ, түрлі ауруға әкеліп соқтырады. Олай болса, ағза тазалауға таптырмас 11 дәмге көз жүгіртелік.

1. Миндаль
Оның құрамында қандағы қант мөлшерін қалыпты ұстауға көмектесетін кальций, магний, ақуыз көп. Ал миндаль құрамындағы май ағзадан холестеринді шығарып, ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмек болады.

2. Авокадо
Ол холестерин мөлшерін азайтып, қан тамырларын кеңейтеді. Құрамындағы глютатион 30 түрлі канцрогендердің (организмде қатерлі ісік ауруларын және қатерлі-қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар) жолын кеседі. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы

Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­де қайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады. ......
Кеңестер
Толық

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ СУҒА ТҮСІРІП АЛСАҢЫЗ

Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, ұялы телефонымызды суға түсіріп алдық немесе осындай жағдайдың куәсі болдық. Мұндай жағдайда не істеу керек?

НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ!..

Телефонды сілкуге болмайды. Бұл оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су толығымен платаларға ағып, элементтерге кері әсерін тигізеді.Телефонды микротолқынды пештің, феннің немесе басқа қызу құрылғылардың көмегімен құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сымдарды күйдіріп жіберуі мүмкін. ......
Кеңестер
Толық

Қыздарға таптырмас кеңестер

Тері күтімі үшін аздаған шипалы өсімдік пен су жеткілікті.Жылдардан бері келе жатқан шипалы өсімдіктермен емдеу әдісі деген сұраныс әлі күнге дейін сақталған.

1.Тері бір қалыпты күйінде сақталуы үшін, жарты кг жүзім суын бетке жағып 10 минус күткеннен кейін бір шай қасық ас содасы араластырылған сумен жуылады.

2.бет терісінде қара түйіршіктер(дақтар), саз-балшық, бал қоспасы арқылы оңай кетіріледі.Қоспа бетке жағылып, жарты сағаттан кейін жуылады да, ылғалдандырылған сүлгімен сүртілуі керек.

3.Уақ тесікті тері үшін сазды топырақ немесе сәбіз шырын бетке жағылып бір сағаттан кейін жуылады.......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Балық майы сіздің денсаулығыңыздың қорғанышы

Таңданарлық нәрсе, бірақ медицина саласындағы ілгерілеу мен көптеген жаңалықтардың ашылып жатқанына қарамастан нәлім бауырынан жасалатын сол баяғы өзіміздің балық майы денсаулығымызды жақсартудың және өмір жасымызды ұзартудың таптырмайтын дауасы болып қалып отыр.

Дегенмен де, жаңадан шығып жатқан қазіргі технологиялар қажетімізге жарады деп айтсақ та болады. Өйткені балық майын қақалып-шашалып тура қасықтан ішудің қажеті жоқ, жай дәмсіз капсулаларды сатып алсаңыз болғаны. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Корей қыздарының құпиясы: бет терісін тазарту мен ылғалдандыру

Көбіміз корей қыздарының бет терісіне қызығамыз. Бірақ сұлулық сыры олардың шығаратын косметикалық құрылғылары мен маскаларында шығар деп жылы ысырып қоя саламыз да, өзіміздің үйреншікті кремдерімізді жағып жүре береміз. Негізінде корей қыздарының балғын терілерінің сыры – олардың қолданатын құрылғыларынан гөрі, дұрыс күтімінде. Яғни олардың косметикалық құралдарының баламасын біздің елде де табуға болады, мәселе оны ретімен пайдалануда жатыр. Бүгін біз сіздерге теріні дұрыс тазарту мен ылғалдандыру әдістерін үйретеміз. Бұл процедура біраз ұзақ болатындықтан оны көбі ерініп, жасамауы мүмкін. Бірақ мінсіз бет терісін армандайтын қыздар үшін қарапайым әдістерді дағдыға айналдыру түкке тұрмайды деп ойлаймыз. ......
Кеңестер
Толық

Зоб ауруы туралы

✅ Зобтың бір атауы – «жемсау». Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді.

✅ Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кәсіп иелерінде болады. Оның себебі тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. Күн тәртібіне бағынбай, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады. ......
Кеңестер
Толық

Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

✅ 1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

✅ 2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Аскөктің пайдалы қасиеттері

✅ Аскөктің пайдалы құрамы дизентерия, диарея, жұқпалы аурулар кезінде, ұйқы бұзылғанда жақсы көмектеседі. Ол қан қысымын төмендетіп, жүйке жүйесін тыныштандыруға қабілетті. Бүгін сіздерге үй жағдайында аскөктен дәрі жасауға арналған рецептер ұсынамыз. Бұларды кез келген адам көп шығынданбай-ақ жасауға болады.

✅ 1) Көздің өткірлігі төмендеп, көз тез шаршайтын болса, сізге аскөктің тұқымы көмектеседі. Ол үшін аскөктің тұқымынан компресс жасау қажет. Аскөктің тұқымын дәкеге салып, біраз уақыт жылы жерге қою керек, содан соң, оны көзге 20 минут қоямыз. 20 минуттан соң көзіңізде айтарлықтай жеңілдік сезінесіздер. Бұл әдіс сондай-ақ, көз айналасындағы әжімдерді тегістейді. Ісіну және қабақтың қызаруын азайтады. ......
Кеңестер
Толық

Тісті қорғау денсаулық кепілі

Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Бұл тіске байланысты сөз емес екені бәрімізге аян. Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Ал кейбір тайпалық елдерде адамның денсаулығын тістің бүтіндігімен өлшейтін ғұрып та бар. Тістің адам денсаулығына қаншалықты әсері бар екенін көріп отырған шығарсыз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз. ......
Кеңестер
Толық