Кенен Әзірбаев (Кененнің Ләтипамен айтысы)

К е н е н:
Мен едім Кенен аңын Қордайдағы,
Төгейін өлеңімді таңдайдағы.
Ләтипа, дабысыңды естіп келдім,
Жатсаң да Төмен Балқаш шалғайдағы.
Өзіңдей өнерпазды көргенімде,
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы.
Топардың тоғайында сен бір бұлбұл,
Әніңді құбылжытып салғай-дағы,
Ақиық Алатаудың қыранымын,
Қондырып бұтағыңа алғай-дағы.
Л ә т и п а:
Сен бе едің Қордайдағы Кенен деген,
Құлағым келеді деп елеңдеген.
Сыртыңнан естуші едім атағыңды,
Ойда жоқ түлеп түртіп келер деген.
Ашадан Сауытбек пен Жидебай кеп,
Айтысып менен көңлі төмендеген.......
Өлеңдер
Толық