«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі!» Қайрат Нұртастың киелі сахнаға шыққандағы халықпен амандасуы әуел бастан осылай қалыптасты. Қайрат – өзге тілден бұрын, өз тілін құрметтейтін, өз елінің мәдениетін өзге мемлекеттерге дәріптей алатын тұлға. Оның шетелге шыққанда тек қазақ тілінде жеке концерт беретіні қайсыбір өнер жұлдыздары үшін үлгі болатындай-ақ дүние.
Бүгінде Қайрат Нұртас тек қазақ тілінде ғана ән айтып жалпақ жұртқа танымал болуға болатынын дәлелдеді. Мәселен, өткен жылы ол Ресейдің Орынборына барып, тек қазақ тілінде жеке концертін берді. Сол кездері Ресейдің БАҚ өкілдері Қайраттың Орынбор халқының жүрегін қазақша әндерімен баурап алып, сахнаны «жарып» жібере жаздағанын жарыса жазды. Бір бұл емес, ол көптеген елдерде қазақтың мәртебесін асырып жүр.
Жалпы, Қайрат Нұртастың өзіндік феномені әлдеқашан қалыптасқан. Санамалап көрсек, ол тек қазақ тілінде сөйлейді, қазақша ойлайды, қазақша ән айтады. Бір сөзбен айтқанда, ол қазаққа.....