Қабағынан қар жауған Қараңғы бұлт жоғалды. Қас қараймай беті ауған, Қаһарлы жел де оңалды. Көшейін деп қыбырлап, Ел қыстаудан қозғалды. Жаралы жүрек жыбырлап, Жазылмай жалғыз сол қалды. ...
Қайтер еді, жігіттер, Тым қымбатты кимесек. Мақтан үшін борышты Үсті-үстіне үймесек. Қаладағы байлардың Ыңғайына билесек. Аяғында қайтеміз, Банкрот боп күйресек. Орта кисек ұрса ма, Біз ешкімге тимесек.....