Елордалық 28 жастағы азамат, жұбайына 7 жерден пышақ сұққан. Мұны марқұмның көршілер айтты. Қансыраған келіншекті көпқабатты үйдің кіреберісінен бірінші болып тауып алған да осы көршілері болатын. Полицияның дерегінше қанды оқиғаға - арадағы қызғаныш себеп болған. Асылбек Даниярдың репортажы.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Үш жыл бойы отасқан ерлі-зайыптылар Тәуелсіздік даңғылы бойындағы дәл осы үйдің 4 қабатында өмір сүрген. Көршілерінің сөзінше, бұл жанұяда үнемі ұрыс-жанжал болып тұрады екен. Кеше 28 сәуір күні тағы да әйелі мен күйеуінің ортасында кикілжің пайда болып соңы өлім жағдайымен аяқталыпты.
Қазақстандық тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген тағы да сын астында қалды. Бұған дейін көпшілікпен бірге жастықпен денесін жапқан суретін желіге жүктеген әнші бұл жолы купальникпен түскен суретін жариялады.
"Менің жастықпен түскен суретім соңғы үш күн бойы құдды вирус секілді кеңінен тарап кетіпті. Тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына шығып, көптің көзайымы болып отырмын. Жұлдызды сәтім осы болады деп кім ойлапты?
Менің түсінбей отырғаным, «Дина тыр жалаңаш» деп жазасыздар. Неге? Қай жерім көрініп қалыпты? Әлде сол бір суретті түсірерде жанымда болып, мені өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Иә, әркімде бар бір қиял, ал қиялды кім тияр?!
4 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар рейстер қалпына келеді. Мұндай шешім бүгін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек қасында жүрген сенімді досы нағыз алаяқтың өзі болып шыққанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, ол адам тек оны ғана емес, өзге жандарды да "лақтырып" кеткен. Сонымен қатар, әншң танысының кесірінен 18 жастағы бойжеткен асылып өлгенін де айтты деп жазады nur.kz"Талантым-тағдарым" бағдарламасына сілтеме жасап.
Серікбол Сайлаубек талай адамға қиянат жасап келген жігітті мүлдем адам санатына жатқызбайтынын жеткізді. Әнші ол сияқты жандарды шайтан деп есептейді.
Өнер иесі өзін алдап кеткен азаматтың кесірінен жас ару асылып қалғанын да жасырмай айтты.
Карантин уақытында халық үйге қамалды. Ал, жомарт жандар қолынан келген көмекті жасап, қайырымдылықпен айналысуда. Әсіресе, өнер жұлдыздары бұдан қалыс қалар емес. Олардың ішінде Тұрсынбек Қабатов бар.
Youtube желісіндегі Aina арнасына сұхбат берген Қазақстанның экс-президенті, қазір биліктегі "Нұр Отан" партиясының және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты. Оның сөзінше, бірінші әйелі қара шаңырақта тұрады. "Мен әскерден келгеннен кейін марқұм ағам Сатыбалды "Бірінші май" деген ауылда тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде жүргізуші болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім (ред. бірінші әйелін айтып отыр).
Тэмми Осени коронавирустан пияздың көмегімен қорғанып жүрген анасын фотоға түсіріп, желіге салған. Әйел адамның іс-әрекетін күлкіге айналдырмақ болған ару кенеттен оны танымал етіп жіберген деп хабарлайды nur.kzlife.ru сілтеме жасап.
Аулада серуендеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек? Елорда тұрғындарына үйлерінен шығып, аулада серуендеуге рұқсат берілді. Алайда, азаматтар сақтық шараларын қатаң сақтап, қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет деп хабарлайды nur.kz .