Салт-дәстүр: Киіт

Киіт– құдалар арасында жасалатын дәстүрлі кәденің бірі.

Қазақ халқы арасында “құдалық белгісі киіт, қоныс белгісі – бейіт” деген мақал бар. Яғни киіт – құдалықтың негізгі белгілерінің бірі. Киіт – бас киіт, аяқ киіт болып бөлінеді. Құдаларды бастап барған үлкен адамға бас киіт беріледі де, қалған құдаларға екінші дәрежедегі (аяқ) киіт беріледі. Киіт келген құданың беделіне, алатын орнына қарай бөлінеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем, т.б. қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе, қой) берілген. Киіттің ең төменгі түрі кездемелермен бітеді. Қазақстанның кейбір аймақтарында құда түспей-ақ тойы болғанда, сол үй ішіндегі адамдарға жеке-жеке арнап апарылған киімді де киіт деп атайды. Қазіргі кезде “қалың мал” төленбесе де, оның киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жоралғылары жасала береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Салт-дәстүр: Сәлем салу

Келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен сәлемі. Беташар кезінен бастап сәлем салу басталады. Сәлемді ата-баба салтымен иіліп немесе тізесін бүгіп салады. Ал сәлемге ие болған адам: - Бақытты бол, балам! - деп ықыласын білдіреді немесе қарт аталар мен аналар жас келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Жас келін бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ ана болғандықтан, ата-ене үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады. "Жақсы келін - қызыңдай, жақсы күйеу - ұлыңдай" деп қазақ даналары бекер айтпаған.

Келіннің келін болып түсе сала, өзіне артылған міндеттері бар. Таңертең ерте шай қою, дастарқан жайып шай .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Салт-дәстүр: Жасау

Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.

Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Салт-дәстүр: Құйрық бауыр

Қазақ жолында құда түсіп сөйлесіп, құдалық бекіскенде, қыздың әке-шешесі құдаларының алдына әкеліп малға бата жасатады, ақ сары бас қойын сояды. Мол ет асады, кәделі жілігін түгел қалдырмай асады. Көрші-қолаңдарын қалдырмай шақырады. Алдымен езіліп піскен қойдың май құйрығын әдемілеп ұсақтап турайды да оның үстіне шала піскен қойдың бауырын ұсақтап турап араластырады. Оның үстіне азырақ ырымдап ақ ыдыстан айран құяды да, құдалардың алдына әкеліп қояды. «Құйрық-бауыр жедік, құдай дестік, құда болдық» деп құдалықты осы кәдемен бекітеді. Оны қазақ кәдесінде «құйрық-бауыр» деп атайды.

Құйрық-бауыр жеуде екі жақ бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деген нанымды ырым жатыр.

Қазақ ырымында құдалық бекіспей тұрып, әсте «құйрық-бауыр» жемейді. Құдалық бекіп құйрық-бауыр жескен соң екі жақта әсте айнымайды......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Салт-дәстүр: Кіндік шеше

Кіндік шеше — әйел босанғанда көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін әйел.
Қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол кәделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Туу үстінде баланың кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады.

Қазақтар екінің бірі, егіздің сыңарына баланың кіндігін кестіре бермейді, қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде беделі бар, мінезі жайраң қаққан, ақ еділ аналарға ғана кестіреді. Өйткені, бала кіндік кескен адамға тартады, кіндік апасы қандай болса, балада дәл сондай болады деп ырымдайды. Кіндік жолын алған әйел балаға ит көйлек әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ жасап беріп көмектеседі. Әуелі үлкен азамат болғанда, азамат боп толғанда да кіндік апасын құрметтеп, кәдесін өтеп жүреді. Оған кіндік кескені үшін мал атап, қымбат бұйым сыйға тартылады. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы Кіндік шешеге тартады деген түсінік бар.

Қазіргі уақытта кіншік шешенің міндетін дәрігер-акушер атқарады......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Салт-дәстүр: Шарана шайқау

Шарана шайқау — Ұлттық салт-дәстүр.

Жаңа түскен жас келін туыс ауылдарды қыдырып жүргенде, көпті көрген даңсалы бәйбшелер, жас келінге «шілде суына сал» деп күміс теңге, моншақ-маржан, жүзік, сырға сияқты бұйым береді. Жас келіншек босанғанда, баланы шаранасынан шайқап жуып тазартады. Шарана суды қазақтар шілде суы деп атайды. Бағанағы берген нәрселерді суға салады, оны баланы шомылдырған әйелдер таласа-тармаса шарана суын шайқап алады. Оны қазақ кадесінде «шарана шайқау» деп атайды......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Сақа

Сақа - асықтың бір түрі. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. Ойыншы сақаны өзі жасап алады немесе жақсысын таңдауы керек. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Ұшты ұшты

"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.

Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп көрсетеді. Бұдан кейін ол:

— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшыңдар».

Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.

Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп түсіндіреді.

Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы, бір ұпай 2 ауыз ән салу, не 3 жұмбақ шешу, не 3 жаңылтпаш айту немесе өз көлеңкесімен сөйлесу, көзін байлатып ортаға шығып, «Соқыр теке» болу, т. б. ұпай көбейген сайын бұл сияқты шарттар да көбейе береді. Ойын басталады .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Үш орындық

Үш орындық ойыны клубтарда, коридорларда, кең бөлмеде, спорт залдарында өтеді. Ол үшін ортаға үш орындық қойылады. Ойынға қатынасушылардың санына байланысты орындықтың көбейе түсуі мүмкін. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша ойыншылар ортада тұрған орындықтарды айнала жүгіреді. Ойын қыза бастағанда басқарушы отырыңдар деген белгі береді. Сол кезде ойыншылар орындықтарға отырыса қалады. Ал орындыққа отырып үлгере алмағандар, ойыннан шығады. Енді орындықтың бірі алынып қойылады да, ойыншылар қалған орындықты айнала жүгіреді. Ойын бір орындық пен екі ойыншы қалғанға дейін, олардың бірі жеңіп шыққанға дейін жүргізіле береді. Сонан соң ойын қайта басталады да, артынан жеңімпаздар арасында өзара тартыс басталады. Жеңіп шыққан ойыншы ең жылдам ойыншы деп аталады. Әр топтың жеңімпаздарына мақтау сөздер айтылып, сыйлықтар беріледі.

Ойынға қатынасушылардың жылдамдығы, жеңіске деген ұмтылысы артып, ерік, қайраттары шыңдала түседі......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Үй артында қол ағаш

«Үй артында қол ағаш» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 10—15 жас өспірім, кейде одан да көп бала, топтасып ойнайды.

Ойын тәртібі: Қатынасушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгелене тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш.

Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған ойыншылар:

Үй артында қол ағаш,
Жел кірмесін, есік бас,

— деген сөзді қайталай береді. Тұрған ойыншылар ұстасқан қолдарын ажыратпайды. Ол — есік ашпағанның белгісі. Енді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш, .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық