Ірі қара тұқымдары

Ірі қара тұқымдары Негізгі өнім түрлеріне байланысты ірі қара тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағытқа бөледі.

Біздің республикамызда сүтті бағытта қырдың қызыл сиыры, әулиеата сиыры, латвия буырыл сиыры, қара ала сиыр тұқымы, сүтті-етті бағытта алатау, симменталь тұқымдары; етті бағытта қалмақ сиыры.......
Рефераттар
Толық

Сүтті сиырды таңдау

Сүтті сиырды таңдау. Мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі оралады.

Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін сол тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдай-ларға ең алдымен жас кезінде азықтандырьш, күту жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырьш, малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін болжауға......
Рефераттар
Толық

Сиырды күту

Сиырды күту. Сиырдың өнімділігі оны ұстайтын қораның дұрыс салынуына да байланысты. Сиыр қорасы малға қажетті жағдай туғызуға келетін арзан материалдардан салынады.

Ол үш бөлімнен — сиыр қора, азық сақтайтын бөлме және көң жинайтын лапастан тұрады. Құрылыс материалы.ретінде ағаш бөрене, қалың тақтай, кірпіш не саман қолданылады. Қораның аумағы бұзаулы........
Рефераттар
Толық

Дәндік жүгері

Халық шаруашылығындағы маңызы. Дүниежүзінде жиналатын жүгері дәні өнімінің 20-25%-ы азық-түлік ретінде қолданылады, соның өзінде ол, осымақсатта ең көп пайдаланылатын дақыл болып есептеледі. Жүгері дәнінен ұн, жарма, барлығы 250-ден астам тағам түрлері дайындалады. Кондитер бұйымдарын даярлау үшін оны бидай ұнына қосады, өнеркәсіптік жағдайда жүгері дәні крахмал, декстрин, спирт, глюкоза, қант, май, бал, аскорбин және глютамин.......
Рефераттар
Толық

Палеометалл дәуірі - энеолит

Көптеген тарихи-мәдени аймақтарда б.з.б. ІV мыңжылдықта заттай мәдениетте түбегейлі өзгерістер басталғандығы мәлім. Бұл кездері адам баласы металл бұйымдар жасауды үйрене бастайды. Сондықтан да әлемдік тарихнамада палеометалл дәуірі ерекше маңызға ие, ал оған көпшілік мамандар энеолит пен қола дәуірлерін жатқызып келеді. Жаңадан пайда болған металл өз кезегінде тастан жасалған еңбек құралдарын түгелдей ығыстырып шығара қоймады. Энеолитте мыс бұйымдар кең тарала қойған жоқ. Оның жұмсақтығы, мыс өндірудің күрделілігі бұрынғыдай тасты кеңінен......
Рефераттар
Толық

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы Қалқаман мен Мамыр бейнесі

Дәуір тұлғасы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы

Шәкәрім Құдайбердіұлы – Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді. Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады.
Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның творчествосы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс........
Рефераттар
Толық

Сүттің химиялық құрамы

Сүт - сүт қоректілердің сүт безінен бөлінген биологиялық сұйықтық, химиялық көзқарастан, күрделі коллоидты жүйе.
Сүт шаруашылығында «сүт» деп бір немесе бірнеше сиырлардан алынған сауын сұйықтықты айтады.
Сүт судан және құрғақ заттан тұрады. Сүттің суы әртүрлі физикалық күйде орналасқан барлық құрама заттар еріген плазма немесе орта.
Сүтте судың мөлшері 85-87%, қалған құрғақ заттар құрамына кіретін. Су бос күйінде (83-86%), аз мөлшері байланысқан күйінде (3-3,5%) болады. Бос су барлық сүттің органикалық және ......
Рефераттар
Толық

Биология | Құстың жұмыртқа өнімі

Жұмыртқаның қоректік қасиеті мол, өте сіңімді диеталықөнім болып есептелінеді. Адам тағам ретінде негізінен тауықтың жұмыртқасын пайдаланады. Оның құрамында 13% белок, 12% май және тағы басқа углеводтар, минералдық заттар, витаминдер (А, Д, В, Е) бар.

Құстың жұмыртқа өнімін беру уақыты олардың аналық бездерінің дамып, жетілу дәрежесіне байланысты болады. Сонымен құстың алғашқы жұмыртқа салуы оның жыныстық жетілгенін көрсетеді. Алғашқы жұмыртқаны тауықтар 120-180, үйрек пен қаз 250-300, күркетауық 200-250 күндігінде......
Рефераттар
Толық

Биология | Нутрия өсіру

Дербес шаруашылықта өсіруге тиімді де, қызықты жануар - нутрия, қазақта - «саз қамшаты» деп атайды. Ол кеміргіштер отрядына жатады, су мен қамысты мекендейтін жануар. Өсімдікпен қоректеніп, азықтандыру және күруді талғамайды. Терісі андатр терісіне ұқсас, өте құнды, түрлі түсті, бағалы терімен қатар диеталық қасиеттері жоғары....
Рефераттар
Толық

Биология | Ара өсіру және оның биологиясы

Аналық, еркек, жұмысшы аралар. Үлкен жанұя болып, аралар тіршілік етеді; бір жанұя ішінде мыңдаған жұмысшы аралар мен бір аналық арадан бар. Жұмысшы ара мен аналық ара – ұрғашылары, ал еркектері – трутни деп аталады. Еркек аралар көктемнің соңында және жаздың....
Рефераттар
Толық