Бір қамшым бар-ей қолымда жез бауырдан-ей, Кірсем шыққым-ей келмейді қызды ауылдан-ей, бұраң бел. Аулың алыс кеткендей-ей, қарағым-ай, Жақсы көрдім-ей өзіңді бір бауырдан-ай, бұраң бел.
Қара-ай көз-ай, қыпша бел, Мені ойласаң-ай мұнда кел. Еш кетпейсің-ай ойымнан, Ұзақ таңға-ай, бұраң бел.....
Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері. Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды"......
1941 жылдың 22-маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды.Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз. Өйткені,соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Тіпті біздің батыр ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша шайқасқан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауапсыздық,қан ішершілік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол соғыс жылдарында «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде:.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 4-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау Сабақ мақсаттары: Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдары мен барысын анықтау....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарларын анықтау Сабақ мақсаттары: Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясатының барысы мен нәтижесін талдайды....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау Сабақтың мақсаты: Патша өкіметінің отаршыл саясатының жүру барысы мен оның нәтижесін талдау.