Мұхтар асуы

Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезовтың азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры.....
Шығармалар
Толық

Мектеп

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне....
Шығармалар
Толық

Шоқан Уәлиханов

"Сүйер ұлың болса,
Сен де сүй.
Сүйінерге жарар ол"
(Абай)



Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы....
Шығармалар
Толық

Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала....
Өлеңдер
Толық

Менің елім - туған жерім

Оңдасынова Дариға
8 сынып, №6 орта мектеп
Жаңаөзен қаласы

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені....
Шығармалар
Толық

Мен табиғатты сүйемін

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға....
Шығармалар
Толық

Төлеген Айбергенов (1937-1967)


Дүниеге өзінің аппақ, тап-таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 3 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-1962 жж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-1965 жж. Шымкент облысының Сарыағаш....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бейімбет Майлин (1894-1938)

Бейімбет Майлин - аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург.
Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Тараз ауданы, казіргі Майлин атындағы кеңшарда туды.

Әкеден ерте жетім қалған бала жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды...
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Орыс, Қытай және Қазақ жарысы

Бір күні әр елден келген әскерлер биікке шығудан сайысқа түсіп жатыр екен. Орыс әскері биік қабырғаға шығып бара жатыр, -Әй орыс, бауың шешіліп қалыпты! Орыс аяғына қарай берем деп құлап түсіпті.
Қытай әскері биік қабырғаға шығып бара жатыр,
-Әй қытай, бауың шешіліп қалыпты! Қытай аяғына қарай берем деп құлап түсіпті.
Қазақ әскері биік қабырғаға шығып бара жатыр....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық