Рухты Әбіш Кекілбаев!

Қазақ дейтін тұғыры биік, қабілетті-қаһарман, тарихы мол халықтың тұлпар тектес тұрқымен, бойында батылдығы басым, рухты азаматтары қашан да болмасын тек елі үшін еңбек ететінін сонау тарих беттерінен білеміз. Сол ұлы тұлғалардың қатарына, әңгімеме арқау болған Әбіш Кекілбаевты зор мақтанышпен жатқызған болар....
Шығармалар
Толық

XXI ғасыр эпидемиясы

Қазіргі заманда салмақ тастау, әр түрлі тренд талаптарына сай келу ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Жасөспірімдер сән журналдарынан, ғаламтор желілерінен арықтаудың жаңа жолдарын іздестіреді. Кейде «Корея қыздарының фигурасы» не «Виктория Сикрит» модельдерінің «идеалды»нормаларына сай келу үшін жасайтын әрекеттері тым шектен шығып кетеді.
2013 жылдың статистикасына сенетін болсақ, мың адамнан....
Шығармалар
Толық

Геймерлер деген кімдер?

Қазірде компьютерлік ойындарға әбден әуестеніп алғандар,бүгінде өздерін «геймерлер» деп атайды , Ал геймерлердің көбі киберспортпен айналысатын командаларға мүше болып табылады. Осы ретте, «киберспорт» деген ұғымға түсінік берейік. Себебі, компьютерлік ойындар арқылы пайда болған бұл термин әлі күнге құлаққа тосын естіледі. Сондықтан, «гейлер» мен «геймерлерді» шатастыратындар әлемде жетерлік. Ғаламтордағы анықтамалықтарға....
Шығармалар
Толық

Ұлы Дала Ұлағаты

Кешегі қазақтың ежелгі мекені ұлы Дала, қазіргі Мәңгілік ел - Қазақстан шетсіз де шексіз. Алтайдан Каспийге дейін созыла сұлап, Батысы Сібір ойпаты, Шығысы Тянь-Шань тауларының теріскейін ала көсіліп жатқан осынау Ұлы даланың жері де Ұлы, тылсым терең тарихы да Ұлы, өскелең ұрпаққа деген Ұлағаты да Ұлы.
Бізге мұраға қалған ата қонысымыз жылдар бойы халқымызға қасірет әкелген ажалдар мен жаппай қырып-жоюға арналған қару жарақтарға толы болды. Біз соның бәрінен елімізді де, жерімізді де азат етіп, әлемдік ядролық қарусыздану көшін бастап кеттік. Ақыл мен парасаттың кез келген қарудан қуаттырақ болатынын дәлелдеп, жаһандық....
Шығармалар
Толық

Мұзды еріту кеш емес

Өмір - адамзатқа берілген ең бағалы сыйлықтардың бірі. Қамшының сабындай қысқа ғұмырымызда біз көп нәрсенің мәніне жете бермейміз, бізге тағдырдың өзі дайындаған таптырмас мүмкіндіктер мен керемет тосын сыйларды елемей өтіп кетіп жатқан кездеріміз қаншама?!

Мүмкіндіктерді уысымыздан ұшырып алуымызға ең басты себеп- ол біздің қорқынышымыз. Дәлірек айтқанда сыртқы ортадан , өзгенің ойларынан сескенуіміз. Өзімізге деген сенімділікті ең....
Шығармалар
Толық

Ілияс Жансүгіров (Октябрь елесі)


Қызбалықты, қызықты,
Қызылды - жасыл кең дала.
Бұл күн қай күн, неткен жұрт
Қиқу салады қыр мен ой?
Қызыл туын қолға алған,
Қолына орақ, балға алған,
Жұмысшы, қара шаруаның
Октябрь - ұлы той. .....
Өлеңдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: От пен жарық (1)

Ұзын құрығым үйге сыймайды.
Пештің мойны

Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ,
Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ.
Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте,
Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке.
Әркімдер көтерем деп ойласа да,
Келмейді сірә тегі тіпті епке.
Пеш, түтін

Сырты қап-қара,
Іші қып-қызыл жара.
Әлсін кіріп шығады,
Бір жалаңбас бала.
Пеш, от, кесеу
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Шаруашылық құралдары (тырма, балта, кетпен, саты, таяқ, таға, ер-тоқым)

Бір алыпты мен көрдім,
Көрінгенді қармаған.
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.
Шөп тырма

Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.
Сыпырғыш

Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.
Балта
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Уақыт, сағат

Әрбірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам мұнан қашып.
Бір жыл

Өзінен-өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен шіркін-ай, кім иірген.
Сағат

Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сөйтсе де бірден танып кідірмейді.
Күні-түні барады тынбай жүріп,
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмейді.
Өмір
Жұмбақтар жауабымен
Толық