Қазақстанда барлық салық түрі көтеріледі

Бүгін Үкімет отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы мақұлданды.

Аталған құжатты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. Оның айтуынша, салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасында мөлшерлемелерді көтеру көзделген.

Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүлік салығы; жер салығы; қозғалтқыштарының көлемі 3000-нан бастап 4000 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін көлік құралдарының салығы; 2015 жылдан бастап темекіге акциздер; 2014 жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциздер салығы артатын болады.

"Сонымен қатар салықтық әкімшілеуді және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрі әкімшілік кедергілерді төмендетуге, бизнес ахуалды арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер дайындалды", - деді Е.Досаев

Жаңалықтар
Толық