Күшігім

Өзі адамға үйірсек,
Өліп-өшіп ойнайды.
Қиқуласып жүгірсек,
Қашып жүр деп ойлайды.

Қуып жетіп қалғанда,
Білмейді не істерін.
Балтырыңнан алғанда,
Батырмайды тістерін.
Тақпақтар
Толық

Жеті мүшел

Он үште отау иесі,
Бірінші мүшел – балалық,
Екінші мүшел – жиырма бес,
Майданға кірер қол алып.....
Тақпақтар
Толық

Астана

Астана қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Қандай керемет тамаша,
Менде бар ғой бас қала.

Оның аты Астана,
Астананы қараса.
Жүрегім соғады тамсана,
Менің елім астана.
Тақпақтар
Толық

Ақша қар

Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.

Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей.
Тақпақтар
Толық

Алғашқы қар

Күзде иіні жұтаған
Қыр көмілді ақ қарға.
Майыстырып бұтағын,
Ақ тон киді бақтар да.

Жылғалардан қақ көрдім,
Жатыр шеті шетілмей.
Дала жаңа дәптердің
Жазылмаған бетіндей.
Тақпақтар
Толық

Анашым

Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым....
Тақпақтар
Толық

Жыл мезгілдері

Алайда-дүлей ашулы батыр өткендей,

Түнеріп аспан жып-жылы нөсер төккендей.

Қыс бойы ұйықтап, уақыты келді оянар

Тіршілік үшін керемет кез жоқ Көктемдей!....
Тақпақтар
Толық