Қазақтың бөлінбеген еншісі

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанға дейін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, ата-бабаларымыздан аманат болып қалған дәстүрлеріміз белгілі бір себептерге байланысты көмескілене бастады. Солардың бірі қазақ халқының тіршілік етуінің негізі болған, бүкіл салт-дәстүріміздің бастамасына айналған, қазақ Сахарасының жазылмаған заңы - бөлінбеген енші дәстүрі.

Бөлінбеген енші, яғни қонақтың еншісі қазақтың дәстүрлі өмір салтына орай қалыптасқан, ру-тайпалық жүйеде елдің біртұтастығын сақтап қалу үшін туындаған айнымас қағида, бұлжытпас тәртіп. Мұндай тәртіп болмаса, табиғаты қуаң сайын далада желдей жүйткіп, судай сырғыған көшпелілердің ел болып тұтасуын, ұлт болып ұйысуын былай қойғанда, қарапайым тіршілік етуінің өзі қиын болар еді. Бөлінбеген енші дәстүрі бойынша кез келген қазақ жолаушылап келе жатып кез келген қазақтың үйіне қонуға, қонағасын ішіп-жеуге, мініс көлігін жемін беріп суғарып, тынығып аттануға хақылы болған. «Қазақтың қоғамдық құрылымы» шығармасының авторы Алфред Хюдсон мұны былай сипаттайды: «Қазақтардың дәстүрінде кез келген жолаушы қалаған үйінде белгісіз мерзімге қонақ болып қала алады. Үйдің иесі қонақтың жаны мен малының амандығына жауап береді». Осы айтылғандардан, қазақтардың көңілінің кеңдігі соңшалық жолаушылап келген қонаққа сый-сыбағасы дайын тұратындығын көруімізге болады.

Қонақты Құдайындай құрметтеп, оны төрге шығарып, бар тәтті-дәмдіні қонақтың аузына тосып, астындағы жалғыз атын сойып берген қазақ халқын қалай қонақжай дей алмайсың! Кез келген қазақтың менің сенде "Алаштан қалған бөлінбеген еншім бар" деп сол үйде тұрақтай алуы Тәуке ханның "Жеті жарғысында" заң ретінде жазылған. Егер қонақ түскен үй дәстүрге сай күтпесе немесе күте алмаса, заң бойынша биге шағымданып, ат-тон айыбын талап етуге құқылы болған, көп жағдайда қонақтың пайдасына шешілген. Егер отбасы қонақты дұрыс күте алмаса, ол жақындарының алдында ұятқа қалатыны бір бөлек, рудың беделіне үлкен таңба болған. Қазіргі сәтте туған ағымыздың үйіне бару үшін хабарласып, алдын ала ескертпеуге де болмайды, бөтен адамға да қонақжайлығымыз жоғары емес екендігі өтірік емес. Бұл бөлінбеген енші дәстүрінің көмескіленгендігінің бір көрінісі......
Эсселер
Толық

Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...
Ойымды ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, фиолософ Абай атамыздың осы бір өлең жолдарымен бастасам деймін. Осы өлең жолдарынан ақынның әр өлеңін, әр шығармасын жастарға мұра етіп, олардан үлкен үміт күтіп, үлгі көрсетіп жазғандығы көрінеді. Ақынның жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді. Ұлы дананың қай шығармасын алып қарасақ та, оның астарында сарқылмас қазына, үлкен тәлім – тәрбие жатыр. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа», - деп ең әуелі адам баласы адам болып қалу керектігін баса айтқан. Өз заманында да сан түрлі оқиғаның куәсі болып, жемқорлық, әлімжеттік сынды жаман қасиеттерге қарсы тұрып, сол қасиеттерді ұрпақ бойынан көрмес үшін адамдықты, адалдықты тереңнен жырлап, толғана насихаттаған. Абай шығармаларын оқыта отырып, ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.....
Эсселер
Толық

Қазақтың Абайы

«...Жүрегімнің бойына терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.»

Бұл сөз ақын Абайдың сөзі, өзінің жүрек ақтарысы. Жанының айнасы. Абай болашаққа осылай хат жолдады. Бұл өткен ғасырлардан бүгінгі өмір сүріп жатқан біздерге арналған жолдауы. Сол кездегі қиыншылық торлаған заманда адамдарға өз жанының сәулесін төгіп, күн шығатын жақты көрсеткісі келді.

18 тіл білген әдебиетші, профессор Құдайберген Жұбанұлы «Абай қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында былай деп жазды: «Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, ақымыз кететін түрі жоқ.»

Оның үстіне Абайдың ірі болғаны, оның өлеңі болсын, қара сөзі болсын, бұрынғы халық ақындарынан да, шағатайшыл молда ақындарынан да озып шығып, соны жол салғанын ескерсек Абайдай бейнелі сол кезде қазақ ақындарынан ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын көру қиын емес.».....
Шығармалар
Толық

Ер қазақтың батылдық бар қанында

1941 жылдың 22-маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды.Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз. Өйткені,соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Тіпті біздің батыр ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша шайқасқан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауапсыздық,қан ішершілік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол соғыс жылдарында «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде:.....
Шығармалар
Толық

Қазақтың жұлдызы жанған күн

Алтын ұяң – отан қымбат,
Құт береке- атаң қымбат,
Туып өскен-елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Иә, отан әр адамның жүрегінде бөлек орын алады, себебі біз туған жерімізде дүниеге келіп , алғашқы қадамдар жасаған едік. Бірақ отан үшін , жері үшін қазіргі кезде ешкім тұрарлық іс қылмаған.Бірақ, 1941 жылы ағаапаларымыз елін қорғау үшін майданға аттанған болатын.Апаларымыз шаштарын қырқып, ерлермен қатар майданда жүруінде тура келді.Ал ағаларымыз жасына қарамай , кейбір ағаларымыз отбасысымен біразға қоштасуына тура келген. Бұл соғыс 1941 жылы неміс әскері КСРО жеріне, сонымен қатар Қазақтан жеріне. II Дүние жүзілік соғыс бұл қазақ халқы үшін қайғылы кездер болатын. Ұлы Отан соғысы ұғымы 1941 жылы пайда болды, яки 1941 жылы 3 шілде күні Иосиф Сталиннің радио арқылы халықтыққа айтқан сөзнен соң пайда болды.
Соғыс кезінде КСРО қолбасшысы Иосиф Сталин , Нацистік Алманияны Адолф Һитлер басқарды.Немістер 1939 жылы КСРО халқымен жасаған келісімді бұзған болатын.Және де 1941 жылы 22 маусым күні біздің жерімізде басып кірді. Соғыстың басында-ақ қазақ әскелері майдан жерінің барлығында шайқасты......
Шығармалар
Толық

Қазақтың есінен еш кетпес

Қазақстан. Бұл мен туып, өсіп келе жатырған мемлекет. Иә, мен көзімді ашқалы осы елдің топырағына аунап, ауасын жұтып келемін. Қазіргі заманда басқа елдермен терезесі тең тұрған, қарқынды дамып келе жатырған мемлекет. Бірақ, қазір осыншама жетістікке жеткен ел бұрын қандай еді...
Иә, осыдан тұп-тура 550 жыл бұрын «Қазақ хандығы» құрылған болатын. Міне, сол сәттен бастап-ақ қазақ деген елдің қилы тағдыры басталған болатын. Қазақ өзінің егемендігі, еркіндігі жолында не көрмеді десеңші?! Тарихқа көз жүгіртсек қазақ қазақ болып қалыптасқалы талай сыннан өткенін байқаймыз. Яғни, сонау 18 ғасырдан бастап-ақ қазақтың басынан қара бұлт үйірілмеген екен. Сұм жоңғарлардан бастап, қанды көз фашисттерге дейін еліміздің байлығына, кеңдігіне қызығып өз қол астына өткізгісі келген болатын. Бұдан бөлек, қазақтың есінен кетпестей өзінің ізін салған Ұлы Отан соғысы...
Соғыс... Ол ешкімге аяушылық танытпайтын айдаһар іспеттес. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға өзінің ыстық жалынын шашып, бар жақсыны жалмаған болатын. Бұл соғыстың елге әкелген қасіреті шексіз еді. 22 маусымның таңы ешкімге қуаныш әкелмеген еді. Себебі, дәл осы күні барлық радиолардан фашисттік Германияның Кеңес одағына соғыс ашқанын хабарлап жатқан болатын. Кенеттен басталған бұл соғыс бүкіл елді абдыратып тастаған еді. Бірақ, соған қарамастан қазақ азаматтары елін-жерін қорғап қалу үшін, ертеңгі ұрпақтың күліп атар таңы үшін майдан даласына аттанған еді......
Шығармалар
Толық

Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы

Мүгедек емес олар! Жаралылар Жеңістің қолдарында жалауы бар. ...Парадтан барады өтіп жаралылар. Ей, Адам, Басыңды и де, қарауыңа ал! М. Мақатаев
Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі де үлгі тұтар дара тұлғалар болады. Олар арқылы бүкіл әлемге танылып, олармен мақтана алады. Олардың аты барда халқы әрдайым басын тікке, көкке көтереді... Олардың есімімен, рухымен, аруағымен туған халқы талай асу, талай белестерден өтпек... Қазақта да осындай мақтан тұтуға тұрарлық азаматтары бар. Бұл қырандар өз артына мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Адамгершілікке сапар шегу үшін ең ізгі жолды таңдап, салып берді. Енді, сол ізгі жолды екі айыр жолдан ажырата білу - біздің міндеткерлік. Сондай бір ерекше өшпес тұлғалардың бірі – Әлия мен Мәншүк... Қазақтың қос қарлығашы...
Қос қарлығаштың есімізде есімі әрқашан да сақтаулы. Ал, олардың бар жасаған ерліктері тарих парақтарында мәңгі қалады. Таста қашалған ОрхонЕнисей жазбаларындай... ...Мәншүктің елі үшін жасаған бар іс-әрекеті мені таң қалдырады. Артық демі қалғанша жалғыз бір өзі болса да, ештеңеден тайынбай, қорықпай қаншама жауға төтеп берді, қарсыластық көрсетті. Қобда, Нева суларын сүйіп өскен даламыздың еркелеген құсы – Әлия да асқан ерлік көрсетті. «Он тоғыз жасар жас қыз оқып жүргенінде оқуынан сұранып, қан сасыған майданға бет алды» деген сөздерді кішкентайымда әкемнен естіген едім. Қазақ халқының қос қарлығашы Азияның ғана емес, әлем мақтанышына айналды. Қаршадай қыздар Отан үшін қасық қандары қалғанша шайқасты. Кішкентайымнан «халық жауының» қызы боп қорлық көрген Әлия, әкесінің жау еместігін дәлелдеймін деген сөзінде тұрды. Оның шын аты-жөні Лая Нұрмағамбетова еді. Әкесі «халық жауы» атанып репрессияға ұшыраған деседі. Кейін нағашы ағасының қолында өскен Әлия, әкеге жазылған қара күйені жоюдың бірден-бір жолы деп осындай әрекетке барады. ......
Шығармалар
Толық

Ұлттық ойын: Сақа

Сақа - асықтың бір түрі. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. Ойыншы сақаны өзі жасап алады немесе жақсысын таңдауы керек. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Ұшты ұшты

"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.

Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп көрсетеді. Бұдан кейін ол:

— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшыңдар».

Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.

Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп түсіндіреді.

Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы, бір ұпай 2 ауыз ән салу, не 3 жұмбақ шешу, не 3 жаңылтпаш айту немесе өз көлеңкесімен сөйлесу, көзін байлатып ортаға шығып, «Соқыр теке» болу, т. б. ұпай көбейген сайын бұл сияқты шарттар да көбейе береді. Ойын басталады .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық