Жер жүзі әдебиетінің тарихына көз салсақ, мәдени-рухани дамуында белгілі бір белі, елеулі кезеңдері болады. Әр елдің әлеумет өміріндегі әр алуан тартыс, тап күресі, қоғам өмірінің жалпы даму процесі таптың немесе топтың ой-пікір, тілек, мүддесін жыр етіп жоғары көтеретін адамдарды да дүниеге ала келеді. Олардың кейбіреулері ескінің шырмауынан шыға алмай, өткеннің күнгейін, жаңа заманның көлеңке жағын көрсе, кейбіреулері ескіліктің сыншысы, жаңалықтың жаршысы дәрежесіне көтеріледі. Олар тарихты даттамай да, мақтамай да әділ бағалап, үмітті алдан, жарықты келешектен күтеді. Өз кезіндегі әр алуан мәселелерді терең толғап, кеңінен шолиды. Айналасына көз тігіп, ел қамы, жұрт .....
XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.
Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында .....
«Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді. 546 жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жкань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер телэ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл .....
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар.
1. Сақ тайпалық одақтары. Сарматтар. 2. Үйсін және Қаңлы тайпаларының одағы. 3. Ғұн тайпалары.
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. .....
Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады. .....
Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) (5.1.1837, Берлин — 12.5.1918, Санкт-Питербург)[1] — Ресей шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі (1884). Полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Жасында гимназияда оқыған, Берлин университетін бітірген (1858). Осы тұста ол араб тілі, парсы тілі, түрік тілі, татар тілі, моңғол, манчжур, қытай тілі, т.б. тілдерді үйренді. Радлов 1858 ж. Ресейге көшіп келіп, Алтай өлкесінде мұғалім болды. Кейіннен Қазан оқу бөлімінің татар, қазақ, башқұрт мектептерінің инспекторы (1871 — 84), Азия (1885 .....