Ай-Ай, бөпем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ауылым көшіп барады алмалыға,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ата-анамның хабарын алмағалы.

[Қайырмасы]
Әй-әй, бөпем,
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!....
Өлеңдер
Толық

Гауһар қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Той базар, таулай базар тойлай келдім,
Қолға алып алтын сақа ойнай келдім-ай.
Бұл тойда тамырым да танысым жоқ,
Өзіңмен айтыссам деп ойлап келдім.

Әсем көмей бұлбұл-ай,
Ән еркесі дүлдүл-ай.
Ахау Гауһар қыз,
Алма мойын қоңырқаз-ай.....
Өлеңдер
Толық

Бұраң бел (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бір қамшым бар-ей қолымда жез бауырдан-ей,
Кірсем шыққым-ей келмейді қызды ауылдан-ей, бұраң бел.
Аулың алыс кеткендей-ей, қарағым-ай,
Жақсы көрдім-ей өзіңді бір бауырдан-ай, бұраң бел.

Қара-ай көз-ай, қыпша бел,
Мені ойласаң-ай мұнда кел.
Еш кетпейсің-ай ойымнан,
Ұзақ таңға-ай, бұраң бел.....
Өлеңдер
Толық

Замандас (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын көзіңнен
Жалт-жұлт еткен,
Жан бар ма екен
Бұл жерде сенен өткен,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Үш ауылдың қыздары
Жиналса да,
Теңгермеймін өзіңе
Басы бүтін,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.....
Өлеңдер
Толық