Сый ақы

Қарт кісі жас жігіттің қалтасына бірнәрсе салып жатып “Аллаһ сенен разы болсын балам. Бұл атаңды жаңадан туғандай қуанттың. Мына кішкене ғана сыйымды қабыл алсаң одан да қатты қуантқан боласың!” деді.
    Жас жігіт жасаған ісінің сияпатын көретінін әуел бастан-ақ білетін. Жол шетінде жылап отырған 4-5 жас шамасындағы баланың адасып қалғанын, жоғалғанын түсініп, қайда тұратынын сұрап білгеннен кейін такси жалдап үйіне алып келген еді. Бірақ жігіт іздеген үйін тапқанында өкініштен өңі бұзылып қоя берді. Жол бойы қиялдап....

Оқиғалар
Толық

Қазір біліп келемін

Бір күні бір жұмысшы бастығына келіп шағымданыпты:
   - Біз екі жұмысшымыз екеуміз де бірдей жұмыс істейміз, бірақ ана адамның айлығы менің айлығымнан үш есе артық бұның себебі неде? Бұл әділетсіздік емес пе? - деген екен. Сонда бастығы:
   - Сен даладағы шығып жатқан дыбысты естіп тұрсың ба?
   - Ия
   - Cоны барып біліп келші не болып жатыр екен? - дейді. Барып  келген жұмысшысы:
   - Құбыр жарылған екен сондықтан жолды қазып жөндеп жатыр екен - дейді.
   - Қанша уақыт жөндейді....

Оқиғалар
Толық

Помпей қаласы

Біздің жыл санағымыз бойынша 79 жылда, Италияда Наполиден 25 км қашықтықта орналасқан Помпей қаласы, Визуви жанартауынан атқылаған лава мен күлдердің астында қалып, жер бетінен жойылған.
   Сол замандары Римдіктер бұл қаланы демалу, сауығу орталығына айналдырған болатын. Байлық пен салтанаттың соңы арсыздыққа ұласып, ақылға қонымсыз күйге енген бұл жерді көрген ар-....

Оқиғалар
Толық

Екі сценарий

Жанұяңызбен таңертеңгілік ас ішіп отырсыз. Балаңыз кофеге тиіп кетіп, кофе сіздің көйлегіңізге төгілді. Оған ұрсасыз. Кофені төккені үшін қатты айыптайсыз. Бала ренжіп, жылай бастайды. Енді кезек әйеліңізге келіп, ыдысты үстелдің шетіне қойғаны үшін оған ұрсасыз. Бұдан соң қысқы тартыс өтеді. Ашуланып, көрші бөлмеге барып, көйлегіңізді ауыстырасыз. Қайтып келгенде балаңыздың тамағын ішпегенін, сабаққа кетуге дайындалмағанын көресіз және мектепке....

Оқиғалар
Толық

Отқа күйгенде

Отқа күйгенде - күйікке құрбақаның қабығын күйдіріп, күлін күйген жерге себеді. Алла шипасын өзі берер.

Дұғалар
Толық

Бір әйел мас күйеуін шошытпақ болады...

Бір әйел мас күйеуін шошытпақ болады да, ақ матаға оранып, қолшамын жағып барып, күйеуін жұлқылай бастайды. Күйеуі әлдезаманда ыңыранып бұрылып: -Не болды? Сен кімсің?-дейді. -Мен – албастымын! -Онда танысайық, сен осы үйдегі албастының апайысың ба, сіңлісісің бе? 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Курорттан келген күйеу мен әйел

Әйелі мен күйеуі курортқа бір-бірінен бөлек барып, қайта оралыпты. Түн іші. Әйелі орнынан ұшып тұрып ұйқылы-ояу: «Ойбай, күйеуім келіп қалды!» - дейді. Күйеуінің зәресі ұшып: «Қайда? Қайда?» - деп. Кереуеттің астына кіріп кетті.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық