Биология | Бронхит

Бронхит - бронхтың қабынуы. Көп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның асқынуы.



Этиологиясы: вирустар, (парагрипп, аденовирус, қызылша, микоплазма вирустары т.б.), кейде бактериялар болуы да мүмкін (жұтқыншақтағы тұрақты инфекция ошақтары, интубациядан болған асқынулар), тыныс жолдарына сырттан бөгде заттар түскенде ( химиялық) дамуы да мүмкін.



Икемдеуші жағдайға-салқындық, лас ауа, темекі түтіні т.б.жатады......
Рефераттар
Толық

Биология | Гломерулонефрит

Гломерулонефрит



Гломерулонфрит-инфекциялық аллергиялық ауру, бүйректің домалақшаларының қабынуымен сипатталады.



Этиологиясы: Стрептококктар, стафилококктар, вирустар. Баспа, қызамық, вирусты инфекциялар баланың қорғаушы күштерін төмендетеді де, 1-3 аптадан кейін бүйректе қабыну процесстері пайда болады. Бұл аурумен мектеп жасындағы ер балалар жиірек ауырады.



Клиникалық айқындалуы:



1. Ауру жедел немесе баяу баланың жалпы жағдайының бұзылуымен басталады: әлсіздік, көңілсіздік, тәбетінің төмендеуі, ыстығының көтерілуі, лоқсу, құсу, терісінің және шырышты қабаттарының бозаруы. Бала зәрді сирек, аз шығаратын болады, белі, іші ауырады.



2. Бұл ауруға тән белгілердің бірі-ісік синдромы немесе нефротикалық синдром. Бүйрек ауруы кезінде ісік әуелі көздің қабақтарында пайда болады, әсіресе таңертеңгілік көзі, беті ісініп тұрады. Ауру асқынған кезде кеуде мен құрсақ қуыстарында сұйық жиналады, ал өте ауыр жағдайларда ісіну процесстері бүкіл организмге тарап анасарка дамиды. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Жедел ринит



Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы. Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, механикалық, химиялық, гипертермиялық тітіркендіргіштер. Осы этиологиялық факторлардың әсерінен мұрынның шырышты қабатының ісінуі және гиперсекрециясы дамиды.



Клиникалық көрінісінің 3 кезеңі бар:



1. Құрғақ ринит, ұзақтығы 1 тәулік.



2. Серозды бөліністер кезеңі- 2-3 тәулік.



3. Іріңді бөліністер кезеңі- 3-4 тәулік, кейде бірнеше аптаға созылады.



Үлкен жастағы балаларда мұрнында және жұтқыншағында құрғақтық сезімі пайда болады. Тыныс алу қиындайды, жас ағу, бас ауыру байқалады, иіс сезуі төмендейді. Жалпы жағдайы нашарлайды. Тыныс алудың нашарлауы емудің нашарлауына әкеледі. Дұрыс тамақтанбауы ұйқынуының бұзылуына, мазасыздыққа әкеледі. Дене салмағы төмендейді. Дене қызуының көтерілуі бірнеше тәулікке созылады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен шырыштың ағуы әсіресе түнде жөтелге әкеледі.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Жедел холецистит

Жедел холецистит - өт қабының жедел қабынуы. Ұл балаларда қыздарға қарағанда жиірек кездеседі.



Этиологиясы: қоздырғыштары-ішек таяқшасы, стафилококктар, стрептококктар т.б.



Жіктелуі: 1. Катаральды. 2.флегманозды. 3. Дестьруктивті формалары бар.



Клиникасы: Ауру жедел басталады, әсіресе түнде оң қабырға астында толғақ тәрізді ауырсынуддың, субфебрильді температураның пайда болуымен сипатталады. Ауырсыну кейде бірнеше сағатқа созылады. Оң жаққа жатқанда ауырсыну күшейеді. Лоқсу, құсу болуы мүмкін. Интоксикация белгілері анық: тері түсі боз, шырышты және тері қабаты құрғақ, басы ауырады, тәбетә төмен, іш қатадауы болады, тахикардия, кей науқастарда естен танулар, менингеальды симптомдар, сарғаюлар болуы мүмкін. Пальпацияда алдыңғы іштің бұлшықеттерінің тартылуы байқалады. Ортнер, Мерфи, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. ЖҚА-де- нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Мешел Рахит

Д витамині аздығына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы өзгерісімен, сүйектердің менералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалармен жүйелер қызыметінің бұзылуымен сипатталатын ауру.



Мешел (Рахит) – гректің « арқа жоны » деген мағынаны білдіретін « рахис» сөзінен шыққан, өйткені мешелмен ауырған бала омыртқасының зақымдануы ертеден белгілі.



Этиологиясы Мешел ауруы пайда болуының түпкі себебі- Д витаминінің жетіспеуі. Ол осы витаминнің тағамда аз болуына немесе сәби организмінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне байланысты. Оған әсіресе ультра күлгін сәулесі жетпеуінің мәні зор. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Мысқыл-жұқпалы паротит

Мысқыл- шықшыт безі, жүйке жүйесі және басқа бездердің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.



Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз. Эпидемиологиясы:



Ауру көзі-ауру адам.

Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.

Төзімділік (сезімталдық- 5-12 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Иммунитет-тұрақты,

Маусымдылық- қыс-көктем

Клиникалық белгілері:



Жасырын кезеңі 11-12 күн. Ауырған баланың қызуы көтеріледі, шықшыт бездері қабынады. Бастапқыда бет, мойнының бір жағынана, ал 1-2 күннен кейін екінші жағынан да ерекше ісік пайда болады, ісік қатты иленген қамыр тәріздес, ұстағанда қолға ыстық тиеді, ісік үстіндегі тері өзгермеген, ісік құлақтың артындағы шұңқырды толтырады. Баланың шайнауы, жұтуы қиындайды, көңіл-күйі нашарлайды. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Пиелонефрит

Пиелонефрит-бүйректің түбегінің және тканінің микробтық қабынуы.



Этиологиясы: ішек таяқшасы, стафилококк, стрептококк, вирустар, протеилер.



Патогенезі: Инфекция зәр шығару жолдарын 3 түрлі енеді:



1. Гематогендік /әр-түрлі іріңді ауруларда қан арқылы/.



2. Уриногендік /вульвовагинит немесе стерильді емес инструменттермен тексерулер өткізгенде, қыз баланың астын дұрыс жумағанда/.



3. Лимфогендік /гематогендік сияқты/. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Полиомиелит


Полиомиелит – жұлын параличі – жұлынның сұр затының зақымдануымен, парез-параличтермен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өткен ғасырдың 5-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп, тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келеді.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Созылмалы тонзиллит

Бадамша безінің созылмалы қабынуы. Дамуына жиі баспамен ауыру және созылмалы инфекциялық ошақтардың (кариесті тістер, риниттер, синусит, аденоидит) болуы әсер етеді. Микроорганизмдердің токсикалық әсер етуі лимфоидты ұлпаның өсіп дәнекер ұлпаға алмасуына әсер етеді. Нәтижесінде жергілікті иммунитет төмендейді. Ауру бадамша безінің қабынуымен, гипертрофиясымен, кейде атрофиясымен және организмнің улануымен айқындалады. Тонзилогенді улануда бала ашуланшақ, тез шаршағыш, өкпелегіш, жылауық болады. Ұйқысы бұзылады. Сабаққа үлгерімі нашарлайды, тәбеті төмендейді, көзінің асты көгеріңкі болады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Стеноздаушы ларингит

Көмейдің шырышты қабатының қабынуы, көбінесе риниттен кейін дамиды. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дауысы ққарлығып шығады, құрғақ «ит үрген жөтел» пайда болады, дене қызуы көтеріледі. 4-5 күннен кейін бала жазылып кетеді. Аллергиялық диатезбен ауыратын балалардың дыбыс желбезектері астының клетчаткасы ісініп, тыныс саңлауы тарылып бітеді. Стеноз көбінесе түнде кенеттен дамиды. Баланың тыныс алуы қиындап, сырылды демалыс пайда болады, еріндері, мұрын-ауыз үшбұрышы көгілдір тартады (цианоз дамиды). .....
Рефераттар
Толық