Қыз бен жігіт сәкінін (топчан) үстінде кездесіп отырады. Бір кезде қыз байкамай осырып қояды. Сол кезде жігіт сәкінің астында жатқан итке: ақтөс кет -дейді. ҚыздыҢ көнілі жайланып тағы да осырып жібереді жігіт тағы: ақтөс кет! Деп айкайлайды. Бір кезде қыз бәрібір иттен көріп жатыр ғой деп тағы осырып жібереді. Сол кезде жігіт......
Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы - 361 млн км,Мұхит суының басты қасиеті-температурасы мен тұздылығы.Терендеген сайын суының температурасы төмендей түседі: 3000-4000 м,аралығында +2°-0°. Дүниежүзілік мұхит суының құрамы: суда еритін тұздар, газдар, органикалык және ерімейтін т.б. заттар.1 литр мұхит суындағы тұздың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Ол промилле арқылы өлшенеді. Мұхит суының орташа тұздылығы-35 0/о.Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық. Қызыл теңізде, 41"/ю.Мұхит суынын беткі температурасы полюстерге қарай төмендей түседі.Дүниежүзілік мұхит мұздықтары бір жылдық, көп жылдык, қалкыма (айсберг) больш бөлінеді. Мұхит пен материк арасындагы өзара байланыс - муссондар болып табылады.Мұхиттың белгілі бір бөліктерін ашып жатқан зор көлемді суды - су массалары деп атайды. Су массалары: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық болып бөлінеді. Мұхит пен материк арасындағы жылу мен ылғал айналасында беткі ағыстар пайда болады. Мұхиттык ағыстар: Солтүстік пассат ағысы, Гольфетрим,-Солтүстік Атлант ағысы, Канар суық ағысы. Бразилия ағысы, Батыс желдер ағысы, Бенгал ағысы.....
Созылмалы гастрит- асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы. Этиологиясы. Созылмалы гастрит- полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін себептер: • хеликобактерлік инфекция (95%) • аутоиммундық фактор (15-18%) • дуоденогастральдік рефлюкс; • ұзақ қолданған дәрмектердің әсері, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б • алиментарлық факторлра (уақтылы тамақтанбау, тамақты дұрыс шайнамау жұту, аса өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық) • зиянды әдеттер; • өзге ағзалардың аурулары ( анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі, созылмалы холецистит, панкреатит, дуоденит;) Созылмалы гастрит дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция- 90-95% Патогенезі. Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метаплазия процесстері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі. Жіктемесі. Созылмалы гастриттің 3 түрін айырады: атрофиясыз; атрофиялық; ерекше түрлері; Атрофиясыз гастриттің басты себебі- Н. Pylori. Атрофиялық гастриттің өзі 2 түрге бөлінген: аутоиммундық және мультифокальдық. Мультифокальдық деп асқазанның бір бөлігінен алынған биоптаттарда, тұтас емес, көп ошақты атрофияның және НР болуымен дамитын түрін айтады. Бұл гастриттің ракқа жиі айналатын түрі болып саналады. ....
КРЕДИТ ( сгейо — сенемін, сенім білдіремін), несие — белгілі бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиегер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Кредиттің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашьшықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни кредит алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капи¬талы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары кредит көзін құрайды. Кредиттік қатынастар жүйесінде кредит операцияларын жасау үшін қаражат тартудың да маңызы зор. Мұндай қызмет өр түрлі кредиттік катынастар үшін біркелкі бола бермейді. Айталық, коммерциялық кредит кезінде несиегердің сырттан қаражат тарту кажеттілігі туындамайды, ал банктік кредиттеуде сырттан тартьшған қорлардың кеңінен пайдаланылуы көзделеді. Экономиканы дамытуда кредиттің рөлі маңызды ері сан салалы. Кредит өнімнің өндірілуі, өткізілуі мен түтынылуы үрдісіне және ақша айналысы саласына өсерін тигізеді, яғни өнімді өндіру мен өткізу үрдістерінің іркіліссіз болуына ықпал етеді, өндірістің маусымдылығына орай туындаған кдражатқа деген ділгірлікті уақытша қанағаттаңдыруда, өндірісті кеңейтуде үлкен рөл атқарады. Тұтыну кредиті халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді. Кредит, негізінен, коммерциялық кредит жене банк кредиті түрлеріне бөлінеді. Айрықша түрі — халықар. кредит коммерциялық кредит — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. мұндағы вексель дегеніміз — несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме, банк кредитінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте банкредиттер, ақша иелері және басқа кредит мекемелері несиегерлер болып келеді. кредиттің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі кредиттис келісімдер негізінде шешімін табады. Банк кредиті кредиттеу мерзіміне қарай қысқамерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс. ....
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белседі қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі; Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді. Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайда тиянақты аудит жүргізуді талап етеді. Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызда түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерн қамтамасыз етеді. Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті мекемелердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді. ....
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет. Аудитор латын сөзінен шыққан, яғни ол "тындап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-баскарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" - "тындаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған. Орта ғасырдың соңға жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тындауға тиісті кызметкерлерді "аудитор" деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан ор түрлі етіп жазуға, өзгертуте болады деп тусінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазактың: "бет көрсе- жүз үялады", - деген үлы сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден "тындаушы" мен саған "сенемін" - деген, ал өз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" — деген адамгершілік касиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады. Аудит бізге осы уақытка дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгал-тсрлік ....
Таңатар шешесінің зейнетақысымен күн көреді. Кейде бұл зейнетақы да оны-мұныға жете бермейді.
Бүгін Таңатар аулада зерігіп отыр еді, шуласып ойнап жатқан балаларға көзі түсе кетті. Сонан соң балаларды жанына шақырып алып:
- Жарысасыңдар ма? - деді.
Балалардың көзі жайнап кетті:
- Жарыстырасыз ба?!
- Ол үшін үйлеріңнен кәмпит алып келу керек, - деді Таңатар.
Кейбір балалар "мамам ұрысады" деп, барғысы келмеп еді, Таңатар оларға:
- Онда жарысқа қатысу құқығынан айырылдыңдар, - деді.
Біраз балалар үйлеріне қарай шапқыласып кетіп, уысын толтырып кәмпит алып шықты да, Таңатардың күректей алақанына салды. Таңатар алақанындағы кәмпиттерді жанында жатқан жұқа тақтайшаның үстіне үйіп қойды. Сонан соң балаларға қарап:
- Әнеееу талды көріп тұрсыңдар ма?! - деді. - Мен үшке дейін санағанда, жүгіріп кетесіңдер де, сол талды айналып жүгіріп келесіңдер. .....
Бір түрлі жәндіктер бар, өзі балық секілді су ішінде тұрып, тірі бала тауып, емшегін емізіп өсіретін, сондай жәндіктердің ең үлкені - кит. Оның ұзын бойы он құлаштан он төрт құлашқа шейін, кеудесі ұзын бойына қарағанда бегірек жуан. Басы кеудесінің жартысындай, тебесі жалпақ, үстінде томпайып жабылып, ашылып тұрған екі тесік бар. Дем алғанда аузына су толса, суды әлгі тесіктерінен аспанға шырылдатып атып жібереді.
Басының екі жағында екі көзі бар, сиырдың көзінен үлкен емес. Басының зорлығына қарағанда көзі жоқ секілді көрінеді. Тісі болмайды, орнына екі езуіне мүйіздей қара нәрсе бітеді. Терісінің қалындығы екі елідей болады, оның астындағы майы сондай қалың. Бір киттен екі-үш жүз пұттай май түседі. Жемі уақ балық, шаян, көржер болады.
Ұрғашы киттің қарнының астында екі кішкене емшегі бар. Жаңа тапқан баласының ұзындығы бір құлаш шамасындай болады. Кит үлкен түпсіз терең теңіздерде жүреді. Суда жүзетін балықтікі секілді құйрығы бар. Бауырының астында қанаттары бар. Киттің еті жеуге жарамайды. Киттің майы мен тіс орнына біткен нәрсесі үшін аулаушылар көп болады. Әрбір киттің тіс орнына шыққан мүйіздей нәрсесі жүзден болып, әрбіреуінің ұзындығы үш құлаштай болады. Тілінің үлкендігі алты қанат үйдің орнынан үлкен болмаса кіші шықпас, қазақтың «жандыда балық үлкен, жансызда қамыс үлкен» деп жүргені осы кит болса керек.
Биік-биік дуалдан арғы жағындағы әсем коттедждері әрең көрінетін көшемен өрлеп келемін. Мына керемет үйлер біз тұратын ықшамауданмен көршілес екеніне көңілім сенбейді. Өз үйімді қатты қорашсынып қалғаным рас еді. Мұндағы үйлердің сәулеті бірінен-бірі асады. Сыртынан көріп жүрсем де, бұл сарайларда қандай өмір қайнап жатқанына қызықпаған екенмін.
«Еменді» ықшамауданындағы бесінші нөмірлі үйді іздеп келемін. Бұл ауданның көшелерінде атау жоқ. Біріне-бірі иін тірестіре салынған, қос дуалдың ортасынан екі жеңіл көлік сығылысып әрең өтетін көшелерге елдік тұлғалардың аты берілмегені де жөн шығар. Мына жерге қор болады ғой. Болашақ «қызмет орнымды» іздеп жүріп, осылай «кең ойланып» келе жатқан жайым бар.
Ертеңнен бастап №5 үйге күзетші болмақпын. Бұған дейін тышқан мұрнын қанатып, жұмыс істеп көрмеген ерке едім. Әкем мен анамның зейнетақысын жырымдап, оқуыма төлеп жатқаны ойландырды. Күндердің күні тәртіп сақшысы болып істейтін ағама: «Жұмыс тауып бер», — деп міндетси қалдым. Оқуыма өзім тапқан ақшаны төлегім келетінін айттым. Үшінші курс болғанымды, енді ата-анама салмақ сала беруім дұрыс еместігін термелеп жатырмын. Ағам менің кенет күрт өзгергеніме сенер-сенбесін білмей, бет-жүзіме сығырая, зор күдікпен қарап алды да:
— Табамыз. Шынымен жұмыс істегің келсе... — деп қысқа қайырды.
Тапқаны — күзетшілік. Жұма күні қолыма өзінің сәл ғана ескірген жұмыс формасын, әлдебір куәлікті ұстатты. «Осы көшемен тік жүріп, бағдаршамнан солға бұрылсаң, қызыл шатырлы үлкен үй көрінеді. Соның қатарымен жоғары өрлей бер. Алдыңдағы екінші бұрылыстан №5 үйге тірелесің. Сонда Марат және Тамыр деген жігіттер бар. Соларға менен келгеніңді айт. Олар сені бастығыңмен таныстырады» деген ақылын қоса айтты. Және өзімнің студент екенім туралы тіс жармауым керек. Ішкі істер қызметкерімін, болды. .....