Сол бір көктем

Менің махаббат оқиғам да барлық махаббат оқигалары сияқты қарапайым басталды. Бірақ қазір ойланып қарасам, сол бір күннің тура сол кездегідей өткенін қаламас едім. Жарайды, болар іс болды, өткен күнге өкіну еш пайда әкелмейтіні сөзсіз.
Сол бір кез тамылжыған көктем болатын, дәлірек айтсақ 10-наурыз, күлкілі әрине, бірақ канша жыл өтсе де ол күн әлі есімде.Мектептен қайтқан соң құрбым екеуміз есік алдына серуенге шыққан болатынбыз,бірақ үй жақтан біршама алыстап кеттік.Үй маңында мектеп бар еді.

Құрбым екеуміз сол мектеп ауласына барып отырдық.Сол кезде мектептен қайтып бара жатқан 1топ жігіттерді көрдік.Сол жігіттердің арасынан бойшаң, сүйкімді келген біреуі менен көзін алмай қарады, ия мен де оны байқадым. Ол достарына бізді көрсетіп, танысқысы келді ме білмеймін, ал достары асығып жүріп кете берді.Ал бойшаң жігіт мектеп маңында қалды.Ол алыстан ұзақ уақыт біз жаққа қарап тұрды, бірақ қасымызға жақындауға батылы бармады.

Біздің де үйге қайтатын уақытымыз болды, тұрып үй жаққа қарай жөнеле бердік.Жүріп келе жатып артымыздан «қыздар» деген жағымды дауыс естілді.Бұрылып қарасақ, әлгі жігіт екен.Ол бізге танысуға болады ма деді.Мен үндемедім (бірақ ішімнен әрине танысқым келіп тұр).Ол Ерсұлтан деп қолын ұсынды.Мен өз есімімді айтып, ары қарай танысып кеттік.Ерсұлтан менен телефон нөмірімді сұрады, Ò қалай екенін білмедім бірақ ойланбастан бере салдым.Содан ары қарай хабарлвсып, бір-бірімізді көріп,жақсы сөйлесіп жүрдік, мен ол жігітке ғашық бола бастадым.Бірақ Ерсұлтанның маған деген сезімін түсіне алмадым.Сөйтіп жүргенімізде күз де келіп жетті,біз күзде мүлдем сөйлеспей кеттік, Ерсұлтан хабарсыз, менім де хабарласуға батылым жетпеді.Қыста да арамыз мүлдем суып кетті.Көктем келе мен оны қайтадан жолықтырдым.22-наурыз болатын, мен құрбыммен, ол достарымен бір-бірімізді көріп қалдық.Сол сәтте менің ішімдегі үміт оты одан әрі лаулай түсті......
Махаббат хикаялары
Толық