Ақша ма, махаббат па?

- Ия, Жаһан, ия - деп қыз бар дауысымен айғай салып, жігітті құшырлана сүйді. Жігіт сәл шегініп, тізерлеп отырды да сақинасын бар ықыласымен ұсынды. Үстінде жеңіл матадан кестелеп тігілген ашық көк түсті көйлек, желмен ұшырған бұйра шаш. Бірақ, жігіттің үстінде фильмде көретініміздей смокинг немесе классикалық үлгідегі киім жоқ, бар болғаны спорттық киім ғана. Келесі кезекте қыздың нәзік қолдарына сақинаны тақты да, ұзақ бауырына басты. Жігіт көзіне жас алып: «Кешір,ботам,кешір мені. Саған қажет болса әлемнің бар асыл тасын жинап келіп сыйлар-ем, табысым мына қара күмістен артылмады. Меніменен жолының шұңқыры көп жаңа өмірді бастауға дайынсың ба?»- деп ботадай мөлдіреген көздеріне қарады. Қыз жігітті қолынан арқан байлап алғандай тартып әкеліп жанымдағы үстелге (скамейкаға) отырғызды. Менің жаным кіре түстү, жаңа романның желісін көзіммен бақылап отырғанымда, тірі роман болып жаныма отыра кеткендері құлағым мен шабытымды ұзартты.

Қыз жігіттің екі қолын қатар ұстап, жүзіп бара жатқан кемелердің соңына бірер минуттай қарап отырды. «Қазағым жер бетіндегі ең асыл халық қой. Өзіңді өздері айтқандай шанадан тауып алса да өзегіңнен еш теппейді. Әлі есімде қыстың аязымен құшып, қаһарымен жан-тәніңді өртеген күнінде анашым «мен қазір келем» деп жапан далаға тастап кеткен еді. .....
Махаббат хикаялары
Толық