Көлік – идеяны түсіну №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы:Көлік – идеяны түсіну №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1 Зейін қойып оқу.
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.
1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
2.1 Сөз көлемі және сөздік қор құрамының сан алуандылығы.
1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдана отырып,сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Дыбыстар мен сөздерді мұғалімнің көмегімен бірге дұрыс айтады. Таныс сөздерді қолдана отырып, мұғалімнің көмегімен сұрақ қояды.
Көбі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды.
Кейбірі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсіндіріп береді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және басқаларға көмек береді. Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Саяхат Көлік – идеяларды түсіну (1-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5
Сабақ тақырыбы:Саяхат. Көлік – идеяларды түсіну. (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) А 2 Қарапайым әңгімелерді маөмұндайды.
О 1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Үлкендердің және сыныптастарының көмегі арқылы қарапайым әңгімелердің кейбір бөлігін мазмұндайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.
Оқушылардың көпшілігі:
Қарапайым әңгімелерді мазмұндайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Қарапайым әңгімелерді өздігінен мазмұндайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Саяхат Көлік – идеяларды түсіну (3-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5
Сабақ тақырыбы:Саяхат.Көлік – идеяларды түсіну. (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж5 Жай сөйлемді жазуда бас әріп пен нүктені саналылықпен қолданады.
Т2 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Жай сөйлемді жазуда бас әріп пен нүктені мұғалімнің көмегімен қолданады. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Жай сөйлемді жазуда бас әріп пен нүктені саналылықпен қолданады. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Жай сөйлемді жазуда бас әріп пен нүктені саналылықпен қолданады. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында еркін қолданады. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сегізаяқ - Абай Құнанбаев

 Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған-
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең.... 

Өлеңдер
Толық

Тарих | АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОҒАМЫ

Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ сахарасында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез қазақ халқы тарихындағы ең бір талмау тұстардың бірі болатын. Алаш ардагерлерінің айтуынша, «қазақтың бар болу немесе жоқ болу» мәселесі таразыға тартылған кез еді. Олай болатыны, бұл шақта қазақ халқы толықтай патшалық Ресейдің басыбайлы боданына айналған еді. Қазақ даласындағы хандық билік ыдыраған, билер институтының қадірі кетіп, орыс сотына қараған, дәстүрлі тіршілік қалпы мен өмір салты елеулі өзгеріске ұшыраған, ұлттық рух бәсеңдеген шақтағы кетеуі кеткен бір кер заман-ды. Қазақ жеріне орыс мұжықтарын тобымен орналастыруға байланысты еркін көшіп-қонып жүру үрдісінің де тынысы тарыла бастады. Дәстүрлі ырғағынан айрылған тіршілік салтының кесірінен барша қазақ баласының бір-бірімен хат-хабар алмасуы мен өзара қарым-қатынасы да іркіліске душар болды. Қысқасы, осынау жағдайлардың барлығы қазақтың санасында саңылауы бар бас көтерер адамдарын ойландырмай қоймайтын мәселелер еді.
Алашорда қозғалысы мен Алаш идеясының пайда болуына тікелей осы аталған тарихи жағдайлар себеп болды. Қазақтың алғашқы оқығандары қазақтың жеке өз алдына ел болып, дамыған елдермен терезе теңестіре алатындай жағдайға қол жеткізуін көкседі. Жалаң сөз, жадағай ұранға баспай, бұл ойларын нақты іспен негіздеді. Ең алдымен қазақ баласының бір-бірімен пікір алмасуын қамтамасыз ету үшін мерзімді баспасөз құралдарын шығарды. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» пен «Қазақ» газеті «ұлттың көзі, құлағы һәм үніне» айналды. Бұлардың ұлттық сананы оятудағы маңызы орасан зор болды. Кішкентай жылғадан басталған бұл әрекет ұлғайып, арналанып зор халықтық қозғалысқа ұласты. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың ішіндегі ең бір маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. Бұлай болатыны, А.Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахаң бұл бағытта бос үгіт насихатқа салынбай нақты іске кірісіп, қазақ жоғының орнын толтыруға білек сыбанып кірісті.
Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны сондай. Оның өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз қызметтен тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір маманның өмірі деп қарауға болмайды. Ол – халықпен біртұтас, қалың елмен тамырлас, ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті.....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

ХV ғасыр ортасында шаңырақ көтерген Қазақ мемлекетінің күні бүгінге дейін сабақтастығы мен жалғастығы үзілмеген төл тарихы әлденеше Астананы аспандатқаны ұлттық санамызда, бабаларымыздан жеткен рухани мұрада өшпес із қалдырды. Бастау-бұлағына көз жіберсек, бұл әріден келе жатқан дәстүр екен. Елорданы қастерлеудің тамаша үлгісін Күлтегін тасындағы Өтікенге арналған жазудан, Асан Қайғының Жерұйықты іздеуінен көре аламыз. Байырғы түркілер де, олардың заңды мұрагері қазақтар да мемлекеттің Астанасын елдік тірегі, үйлесім мен бірліктің ұйытқысы, ақыл-ой мен күш-қайраттың қайнар бұлағы ретінде қабылдаған ғой.
Үш ғасырға жуық созылған отарлау, тоталитарлық модернизация мен зорлық Елордаға қатысты қастерлі ұғым-түсініктердің, жөн-жоралғының, салт-сананың сайын даламыздағы құндылықтарын аяусыз шайқалтқанымен, түбегейлі жойып жібере алмапты. Олар мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған сәттен бұрқ етіп сыртқа шықты. Елордасын бас-аяғы 10 жыл ішінде бұрын-соңды қол жетпеген биікке көтере алған халық, оған барша әлемнің назарын аударта білген халық, жатқа телмірген жадағай қаланы Қыз Жібек пен Баян сұлудың моншағындай ару шаһарға айналдырған халық, түптеп келгенде, мәңгі ел ұстайтын мәңгі халық екенін бүгінде қапысыз дәлелдеді.
Мықтылардың әлсіздерді өзіне қаратып алуының әлемдік тәжірбиесіне көз жүгіртсек, бодан елдің бостандыққа шығуы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі ешқашан оңайға соқпаған. Миллиондардың қанын мойнына артқан кеңестік тоталитарлық жүйені былай қойғанда, өзін өркениетті, ізгілікті санайтын Еуропаның Англия, Франция, Португалия сияқты отарлаушылары Индиядан, Алжирден, Египеттен айрылмау үшін небір құйтырқы саясатқа, зорлық-зомбылыққа барғанын қария тарих жақсы біледі. Ендеше, баршаға жайлы жаңа тұрпаттағы қоғам орнатуға уәде бергенмен, діттеген мақсатына жетпей, айықпас қайшылықтардан титықтағанына қоса қатыгездігі шектен шыққан КОКП мен Кеңес Одағы уысынан аман-есен босағанымыз – біріншіден, тағдырдың сыйы болса, екіншіден, азаттық жолындағы құрбандықтардың өтеуі екені күмәнсіз.
Азаттық туын көтерген сәттен жауапкершілігі бұрынғыдан әлденеше ауыр жаңа дәуір басталды. Саяси жүйені, экономикалық қатынастарды, мәдени-рухани құндылықтарды, заңнамаларды, ішкі-сыртқы саясатты тәуелсіздік мүддесіне жүгіндіру, тарих тағылымы мен заманауи талаптары биігіне көтеру, сол арқылы елдің табиғи-ырғақты даму жолын табу, әлемдік өркениетке өзіндік келбет-кескінімізбен кірігу – бәрі бір сәтте алдан шықты. Бұған өтпелі дәуір қиыншылықтары қосылды. Ескі қоғам ығысып орнын бере қоймаған, жаңа қоғам әлі толық орнықпаған ғасырлар тоғысында, қазақ халқы ұлт болып қалу-қалмауы қыл үстінде тұрған алмағайып заманда «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?», «Кім кімді жеңеді?» сұрағына жауап ұсынғандар елде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені әлі есімізде. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ИДЕЯСЫ ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ

Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Интернационализм (ұлтсыздандыру) саясатын жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «алаш» атауын құртып – жою үшін барлық амал - айланы қолданып баққаны содан болса керек. Осы мақсат үшін өздері ойлап тапқан тап күресін ғажап пайдаланды: ел үшін екіге бөліп, қақ жарды, тыныш жатқан жұрттың басына әңгір – таяқ орнатты. Бұрын саяси астыртын күреске көп араласа қоймаған, оның құйтырқы әдістерінен хабары шамалы аңқау, аңғал жандар алдын ала құрылған осындай арнайы тұзаққа оп – оңай топырлап түсіп жатты.
Халық алдында беделі бар, оны соңынан ертіп, сөзін өткізе алатын оқыған білімді азаматтарға «ұлтшылдық» деген пәле жабылды, атылып – шабылды. Ең алдымен Алашорда қозғалысына қатысқандарға кешірім жасалды, бірақ соңынан бәрі құрбандыққа шалынды, тірі қалғандары итжеккенге айдалды. Келесі кезекте большевиктерді жақтап, сол арқылы елімді, жерімді гүлдендіріп, ұлттық мүдделерді көркейтемін деп кеңес өкіметінің іргесін қаласқан марқасқа азаматтар қырылып – жойылды.
Мәселен, Алаш ісі бойынша қозғалыс бастаушылары деп танылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Габбасов, Мағжан Жұмабаев, Қайреддин Болғанбаев және басқаларының көздері құртылды, алайда репрессия науқаны толастамады.
Бірақ осыдан кейін Алаш идеясы тоқтады десек, бұл шындықпен қабыспаған болар еді. Өйткені күні кешегі Қазақстанда неміс автономиясын құруға бағытталған КОКП ОК Саяси Бюросының қаулысына қарсы Целиноград (қазіргі Астана) қаласында өткізілген Маусым (1979) демонстрациясы да, одан кейінгі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі де (1986) бүгінгі жер үшін, тіл үшін, елдік үшін жүріп жатқан азапты күрес те осы Алаш идеясынан туындап жатқанын қалай жоққа шығара аласыз?
Республикалардың тәуелсіздік белгілерін сақтау жөніндегі қозғалыстың бәрі И.Сталин тарапынан «ұлтшылдық уклон» болып есептелді. Бас хатшының 1922 жылдың қыркүйегінде В. Ленинге жазған хатында тәуелсіздік дегеніміз «ойыншық» нәрсе. Бірақ басқалар оны шын деп ойлайды, соған қынжылады деп атап көрсетті («Известия ЦК КПСС», 1989, № 9). ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Абай Құнанбаев Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары

Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент Н.Ә.Назарбаев.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.
Жалпы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларының философиялық, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты З. Ахметов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Есім, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, К.Оразалин, М.Орынбеков, Х.Сүйіншәлиев, Т.Тәжібаев, зерттеулерін т.б. айтуға болады. «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымға алғаш рет ғылыми түрде анықтама беріп кеңінен тоқталған М.Әуезов....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Халықтық педагогика идеяларының жанұя тәрбиесіндегі психологиялық негіздері

Кіріспе
Халықтық педагогика отбасындағы тәрбиенің негізі болып саналады. Өйткені адамның жеке басының мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру көбіне отбасында ата-ананың тікелей әсерімен жүзеге асады.
Халқымыздың ұлттық ерекшелігі саналатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, бауырмалдық, кеңпейілділік қасиеттердің біразынан ажырай бастағаны шындық. Енді заманымыздың қайта өркендеуіне байланысты жас ұрпақтың бойына осынау қасиеттерімізді қайта сіңіріп өсірсек, сонымен бірге жастарды халықтық педагогика идеясы арқылы жанұяда тәрбиелеу мен сол тәрбиені жүзеге асырсақ деген мақсат әсіресе, ата-аналардың, тәрбие саласы қызметкерлерінің алдындағы кезек күттірмейтін мәселесі болып тұр.
Отбасында ата-ана езінің баласын қалай тәрбиелеуді, қандай бағытта, кандай амал-тәсілдермен тәрбиелеуді ездері алдын-ала белгілейді. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдеті, кұмарлығы мен кызығулары калыптасады.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты кажет етпейтін карапайым әрекет сияқты болып көрінеді. Бұл кепшілік қауым-нын, көзқарасы екені рас. Бала тәрбиесін қай кезден бастап колға алу керектігі туралы аз да болса зерттеулер бар. Отбасы тәрбиесінін ғылыми-теориялық тәжірибесінің барлығына қарамастан олар осы уақытка дейін практи-када көп колданылмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Халықтық педагогика идеяларын жанұя тәрбиесінде пайдаланудың әдістері

КІРІСПЕ
Бұл мәселені қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде қыз балаға берілген сипаттамалары ерекше бөліп айтудан бастаймыз. Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың белгісі ретінде қолданған. Сондай – ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, шеберлігін, өнер – білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның сол қасиеттерін нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы, «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.
Сонымен қазақтың ауыз және жазба әдебиеттеріндегі қызға берілетін жалпы сипаттамасы мынадай: «Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім көз, жайдары мінез, алма мойын, ақша бет, ақ тамақ, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, ұзын кірпікті, ақ білек, маржан тісті, қыр мұрынды» деп суреттелген.
Халқымыздың ұлттық дәстүрлеріндегі бір ерекшелік – тәлімдік, ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе, қыз балаға тұспалдап жеткізу, жөн-жосық нұсқап, бағыт-бағдар беру, өнеге көрсету. Бұл салт ауылдық жерлерде әлі де сақталған. «Қыздың қырық жаны бар», «Қызға қырық үйден тыю» деген сөздерде тәрбиелік талап-тілектерді бетке айта салмай, тұспалдап жеткізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық